images (1)Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты.– Өздеріңіз естігендей, Мем­лекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 1 қаңта­рынан жалақы деңгейін көтеру ту­ралы айтты. Енді инфляциялық таргет­теуінен соң Президент мемлекеттік қыз­мет­керлердің жалақысын 2016 жылдың қаңта­рынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының білік­тілігіне бай­ланысты шамамен 27 пайызға артады»  деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетер бір жайт, Оңтүстік астана­ның ұстаздар қауымы атал­ған жаңалықты қуана қабылдады. Сондай-ақ шара ба­ры­сында Премьер-министрдің орын­басары мектептердің мате­риал­дық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш ауысымды мек­тептерді жою, жаңа балабақша ны­сандарының құрылысы тура­лы да тілге тиек етті.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаладағы білім беру жүйесін дамытуда оң үрдіс­тер байқалғанын атап өтті. Биыл Алматыда білім беру жүйесіне 54, 5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы­мен салыстырғанда 11%-ға артық. Оның ішін­де оқулықтар алуға 2 млрд теңге ба­ғыт­­талды. Биыл Алматының басты тарихи орындарының бірі – Алматы оқушылар сарайы күрделі жөн­деуден өтті. Биылдың өзінде мек­тептердің жанынан 16 бала­бақ­ша­ның құрылысы басталды. Жа­қын­да 648 балаға есептелген 2 ба­лабақша пайдалануға беріледі, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек. 
Қала басшысы мұғалімдердің бала тәрбиелеудегі маңызды үлесін айта оты­рып, ұстаздардың біліктілігін жетілдіру жүйесі ту­ралы да тілге тиек етті. Оның ай­туынша, қазір қалада Кембридж уни­вер­ситетінің жүйесі бойынша 3 деңгейлі жетілдіру курстарынан 200 мұғалім өткен. Олардың жалақысына сәйкесінше 30, 70, 100 % көлемінде үстемақы қо­сыл­ды. Сон­дай-ақ қала басшысы биыл да мұғалімдерді ынталан­дыру жалғасатынын жеткізді. 500 үздік мұғалім мен 1000 жас ұстаз 150 мың­нан 300 мыңға дейін көлемінде ынта­лан­дыру сыйлы­ғын алатын болады, – деді ол. 
Қалалық білім беру басқар­масының басшысы Рахат Ши­ма­шева шаһарда 765 білім беру ұйы­мы бар. Онда 300 мыңнан астам оқушы білім алатынын айтты.
Басқарма басшысы қаладағы мектепке дейінгі білім беру жүйе­сінің кеңейіп келе жатқандығын жеткізді. 
– 2020 жылға дейін балабақ­ша­ларда 15 мың қосымша орын ашуымыз керек. Қа­зіргі таңда 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 50%-ға жетіп отыр. Оған көші-қон процесінің оң сальдосы әсер етуде. Қазіргі таңда балабақшаға 38 мың бала кезекте тұр. Орта білім беру саласында 244 ұйым бар. Онда 200 мыңнан аса адам білім алып келеді, – деді Р.Шимашева. 
Айта кетер бір жайт, Алматыда өтіп жат­қан ұстаздардың Тамыз кеңесі бары­сында шаһардағы үз­дік білім беру ұйымы анықталды. Мұқағали Мақатаев атындағы дарынды балаларға арналған №140 мектеп үздік деп танылып, 17 млн 091 мың теңгеге ие болды. Аталған қаржы мектепті мате­риалды-техникалық жабдықтауға жұм­салмақ. 
Сондай-ақ жыл бойы білім беру сала­сында үздік нәтиже көрсеткен 32 орта бі­лім беру ұйымы мен мектепалды дайын­дық ұйымының басшыларына «Алатау» шипа­жайына жолдама берілді.
Өз тілшімізден

http://aikyn.kz/

Рубрика: