23 апреля, 2014 Comments Off on МОҢҒОЛДАР ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚТЫ «ШПИОН» ДЕП АЙЫПТАУДА

МОҢҒОЛДАР ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚТЫ «ШПИОН» ДЕП АЙЫПТАУДА

Моңғолия ақпарат құралдары бұрын осы елде қызмет істеген, Моңғолия  парламентінің  депутаты болған,  генерал Жекей Қалидолдаұлын «Қазақстанның пайдасына  шпиондық жасады» деп айыптап жатыр.Ақпарат құралдары генералдың Қазақстанға көшіп келгенін, қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне жұмысқа орналасқанын жазыпты. Бірақ, әлі күнге Қазақстан азаматтығын алмаса керек. Ал, бала-шағасы да атажұртқа көшіп келген. Моңғолдар қазақ генералының бұрын Моңғолия параментінің екі мәрте  депутаты болғанын, 2007 жылы Моңғолия  Шекара  қызметі басшысының орынбасары болғанын алға тартып,  мұндай лауазымды қызмет атқарған адамның Қазақстанда қызмет атқаруын «шпионаждық» ретінде бағалап жатыр. Дегенмен,  ресми органдар Жекей Қалидолдаұлына  нақты айып таққан жоқ. Алайда,  мұндай ақпараттық шабуыл  моңғолиялық қазақтар үшін жайсыз тигені анық. Өйткені, Жекей Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан санаулы  генералдардың бірі болатын. Ал, Моңғол  баспасөзі өткен жылы Сайран қажы Қадырұлына да «шпион» деген айып таққан. Соның салдарынан  қайраткер  Моңғолия   Барлау басқармасына барып, түсініктеме  берген болатын.
Жебе-ақпаратСурет Жебе ақпараттық порталынан алынды
Загрузка...

Комментирование закрыто.