АЛТЫНОРДА
Новости

Миллиард теңге – мақтаға

Биыл еліміздегі мақта өсірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мақта өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шағын несие ұйымдары арқылы несиелендіруге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамынан 1млрд теңге тартады» де­лінген таратылған ақпаратта.

Биыл жалпы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер 13 млн теңгеге дейін несие ала алады. Ол мақта өсірушілер диқандарға жылына 8-ден 12 айға дейін беріледі. Негізгі борыш пен сыйақыны қайтару мерзімі түрліше, несиелеу мерзімі бойынша жарым-жартылай немесе толық қайтару мүмкіндіктері бар.

Шағын несиелер қарыз алушыларға жанар-жағармай, дән, пестицид, минералды тыңайтқыш, шаруашылық материалдар мен құрал-жабдықтар, ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері мен жұмыс механизмдерін сатып алуға, техника, қоймаларды жалға алу, қызметтерге төлеу, өнімді сақтау үшін, т.б. мақсаттарға беріледі. Оларға мынадай талаптар қойылып отыр: төлем қабі­леттілігі, қаржылық тұрақтылық, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша, екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен қарызының болмауы, жағымды несиелік тарихы, т.б. Кепілдеме шағын несиенің 100 пайызын қамтуы тиіс.

 

http://www.aikyn.kz/