«Бауыр еті балаларын тастап, шетелге жұмыс іздеп кеткен адамдарды ата-ана құқығынан айыту керек. Бұл мәлімдемені Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ырғал Қадыралиева жасады», – деп хабарлайды КирТАГ.
«Менің ойымша, өз балаларын тастап, шетелге жұмыс істеуге кеткен мигранттарды ата-ана құқығынан айыру керек деп есептеймін», –  деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күн елдегі балалар үйі мен интернаттар шетелге кеткен жұмыскерлердің балаларымен толып қалған.

«Қазір балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналары бар. Олар өз перзенттерін «уақытша» деп тастап кеткен. Жалпы, ел бойынша балалар үйінде 11 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Ал шын мәнісінде, олардың 3 мыңы ғана тұл жетімдер», – дейді депутат.

Депутаттың атап өтуінше, мемлекет ата-анасы тірі тұрғанына қарамастан, ол балаларды асырап бағуға қомақты қаржы бөлім отыр.

«Балаларын «уақытша» тастап кеткен ата-аналардың бірі мемлекетке көмектесіп отырған жоқ. Сондықтан, оларды ата-ана құқығынан айыру керек. Сонда басқа бала асырап алғысы келетіндерге мүмкіндік береміз. Болмаса балаларын тастап кеткендер сол перзенттерін асырауға қажетті қаржыны мемлекет қазынасына төлесін», –  деген Ы.Қадыралиева.

 

ҚазАқпарат

Рубрика: