434_dde1887765df0cb91ab0e0d49540165cАстана. 20 тамыз. Baq kz – Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы, зілтемірші Мая Манеза Алматыдағы перзентханалардың бірінде ұл босанды.

Мұндай ақжолтай ақпаратты спортшының жары Вячеслав Ершов хабарлады.

«Жиырмасыншы тамыз яғни бүгін Мая аман-есен босанды. Баламыздың бойы 50 сантиметр, ал салмағы 3 келі. Тұла бойы тұңғышымыздың есімін Арсений деп атадық. Қазір әйелім мен ұлымның жағдайы жақсы»,-деп қуанышымен бөлісті Вячеслав Ершов.

 

vesti.kz

Рубрика: