АЛТЫНОРДА
Новости

Мәскеуде Украинаны қолдау шарасын өткізушілер ұсталды

Мәскеуде полиция Украинаны қолдау акциясын өткізуші бес жас азаматты – үш жігіт пен екі бойжеткенді ұстаған. «ОВД-инфо» порталының хабарлауынша, қаладағы үлкен тас көпірге Украинаның он метрлік туын ілмек болғаны үшін ұсталған олар әуелі Замоскворечья полиция кеңсесіне, ал кейін «Хамовники» ішкі істер бөлімшесіне жеткізілген.

Ұсталған қыздардың бірінің «Эхо Москвы» радиосына айтуынша, белсенділер Украинаны тәуелсіздік күнімен құттықтамақ болға, бірақ полицейлер олардың іс-әрекетін «рұқсат етілмеген акция» деп таныған.

Бүгін, 24 тамыз күні Украина тәуелсіздігіне 23 жыл толып отыр.

Бейсенбі күні Мәскеу соты Котельнический жағалауындағы биік ғимараттың төбесіндегі орақ пен балға бейнеленген жұлдызшаны Украина туының түсіне (көк пен сары түске) бояп, басына Украина туын іліп кеткен деген күдікпен төрт адамды үйқамаққа алуға шешім шығарған. Кейін ол акцияны Mustang Wanted деген лақап аты бар украиналық руфер (биікке өрмелеуші) Григорий өз мойнына алған еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140824/330/330.html?id=26547413