Майкл Джексон танымалдығын ақшаға айналдыра білетін бірден бір жұлдыз еді. Michael Jackson, Inc. кітабы осы тақырыпқа арналады. Ол – поп музыка королінің тұңғыш бизнес-биографиясы.

Өз ғұмырында әнші $1,1 млрд. немесе инфляцияны есептегенде шамамен $2 млрд. пайда тапқан.

2009 жылдан бастап Jay-Z, Тэйлор Свифт және Канье Уэсттің кірісін қосқанда  $544 млн. шығады. Ал, Джексон бұл уақыт аралығында олардың үшеуін қоса алған пайдасынан артық сомаға – $700 млн. қол жеткізе білді. Thriller авторының 5 жыл бұрын көз жұмуы бұған кедергі болмады.    Танымал адамдардың бірі де поп-музыка королімен терезесін теңестіре алмайды.  Джексонның өлім алдындағы Xscape альбомы Billboard чартында 2 орында болды. Кейін оның өлеңі Billboard Music Awards-да шырқалды. «Ол супержұлдыз болды», – дейді рэпер Кристофер Ludacris Бриджес Michael Jackson, Inc. кітабындағы сұхбатында. – Оның әндерін тыңдағанда, керемет энергияны сезінесің. Оны сөзбен жеткізу қиын».

Поп-музыка королінің бірнеше пайда көзі бар: оның табыс көздерін дәстүрліден бастап революциялыққа дейін жіктеуге болады.

 

Казыкенова Айнур

http://aikyn.kz/articles/view/52658

Рубрика: