АСТАНА. 9 сәуір. BAQ.KZ – «Литер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметіне Дмитрий Шишкин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат басылым сайтына сілтеме жасап.  

«Литер» газетінің бас редакторы лауазымына үміткерлерді іріктеу, соның ішінде, бұдан бұрын жарияланған «НҰР-Медиа» холдингінің ашық конкурсы ауқымында жүзеге асырылды. Жаңа басшының алдына басылымның танымалдығын одан әрі арттыру және Интернеттегі жұмысты күшейту міндеттері қойылды», – делінген хабарламада.

Д.Шишкин бұдан бұрын «Большая газета» басылымының, «Позиция.kz» Интернет-басылымының бас редакторы, «Комсомольская правда Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары, «Караван», «Газета.kz» басылымдарының шолушысы, «Астана ТВ» телеарнасының продюсері қызметтерін атқарды, «Альянс Банк» АҚ баспасөз қызметін де басқарған.

 

http://baq.kz/kk/news/45620

Рубрика: