АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақша лайфхак: Самаурыннан жасалған душ жұртты күлкіге қарық қылды (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде самаурыннан жасалған душ жұрттың қызу талқысына түсті. Көпшілік видеоны көріп әбден күліп алғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеоны кім, қашан, қайда түсіргені белгісіз. Тек авторының қазақ жігіті екенін естуге болады. 

«Сол умывальникті қыздырып жатқан. Күн тұман. Тема ғой, иә? Суыңды қыздырасың да, басыңды жуып, сақал-мұртыңды аласың. Тісіңді жуып аласың. Таңертең мұз қатып жатқанда мынандай жып-жылы сумен жуынған қандай тамаша», — дейді видео авторы. 

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде жапан далада мұндай душқа қарсы болмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, суық су қайдан ағатын түсінбей әлек болғандар да табылды. Арасында самаурынды қорладың деп ұрысқандар да бар.

«Басыңды жуып жатқанда шоқ түсіп күйдермесін» деп әзілдегендер де болды. 
 

[:]