Құрбыңыз тұрмысқа шығып, сізге қыз-жолдасы болуға ұсыныс жасаса, бас тарта көрмеңіз. Мұндай ұсыныстың тек сізге ғана түсіп тұрған үшін қуаныңыз да, дүкенге қарай тартыңыз. Тойда қалыңдықтың жанында сізге де құлпырып жүру керек. Ең алдымен көйлек таңдаңыз. Кейіннен көйлекке сай аяқ киім мен сөмке таңдайсыз. Тойға киетін көйлектердің жеңіл болғаны дұрыс. Кешке арналған көйлектердің саны көп. Сіз қайсысын таңдар екенсіз? Дәл қазір ұзын етекті көйлектер сәнде екенін ұмытпаңыз. Қызыл түсті көйлек қалыңдықтың ақ түсті той көйлегімен жақсы сәйкеседі. Сондықтан ақ көйлек кимеуге тырысыңыз.

Қызыл түсті көйлек

Бір түсті көйлектер

Гүлді көйлектер

Қысқа көйлектер

 

Қара түсті классикалық көйлектер

Алдында бауы бар жеңіл көйлектер

Арты ұзын көйлектер

Ұлттық көйлектер

Егер құрбыңыз ұлттық киімді кигісі келсе, сізге де сол кейіппен шығуға тура келеді. Тек сіз сәукеле кимей-ақ қойыңыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

http://massaget.kz

Рубрика: