АЛТЫНОРДА
Новости

«Қыз Жібектің» режиссерін еске алады

Астана. 11 наурыз. Baq.kz-Атақты «Қыз-Жібек» филімінің режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықовтың ескерткіш тақтасына гүл шоғы қойылады, деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

 

Бұл шара Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреты Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Гүл қою рәсімінен кейін сағ.16.00-де Кино үйінде Асанәлі Әшімовтың, Меруерт Өтекешованың, Құман Тастанбековтың, Қадыр Құсаевтың, Болат Шәріповтың, сондай-ақ режиссиердің туыстары мен жақын жандарының қатысуымен еске алу кеші өтеді. Соңынан режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықов туралы деректі фильмнің тұсауы кесіледі.
http://baq.kz/news/24526