Қытай. 1 мамыр. Baq.kz – Қытайдың оңтүстік-батысында болған су тасқынынан 6 адам қаза тауып, 14 тұрғын ауыр жарақат алды,-деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы күндері жауған нөсер жаңбыр су тасқынына ұласып, өңірде 17 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбір жерлерде су деңгейі бір метрге дейін көтерілген. Жергілікті биліктің алдын ала мәліметінше, табиғат апатынан жалпы 420 мың адам зардап шегіп отыр. Сонымен қатар 12 мың гектар егістік жерді су басқан. Қазірде апат болған аймақтарда құтқарушылар жұмыс жасауда. Мамандар алдағы күндері де нөсер болатындығын хабарлады.

http://www.baq.kz/kk/news/27469

Рубрика: