17 марта, 2014 Comments Off on ҚЫРЫМ: РЕФЕРЕНДУМДА ЗАҢ БҰЗЫЛУДА

ҚЫРЫМ: РЕФЕРЕНДУМДА ЗАҢ БҰЗЫЛУДА

Ресейдің ықпалымен өткізіліп жатқан Қырымдағы референдумда заң бұзушылықтар көп. Оны бақылаушылар мен журналистер тарапынан жеткен ақпарлар айғақтайды. Референдумға тіпті, өзге елдердің азаматтары да қатысып жатқан көрінеді.Қырымдағы Малый Маяк ауданына қарайтын сайлау учаскесіне тіркелген сайлаушылардың айтуынша, заң бұзушылықтар болуда. Мәселен, Қырым татарлары Мәжілісінің басшысына орынбасар Айдер Аджимамбетов: «Малый Маякта (Алушта) адамдар (Қырымның Ресейге қосылуын қолдайтындар) өздерінің орнына басқа біреулердің дауыс беріп қойғанын айтуда. Дәл осындай хабар Малый Маяктың басқа да тұрғындарынан келуде», – деп мәлімдеді.Дәл осындай заң бұзушылықтар басқа да азаматтар тарапынан түсуде. Мәселен, Қырым Мәжіліс секретариатының жетекшісі Заир Смедляев барлық жерге Қырымның Ресейге қосылуын қолдауға шақырған билбордтар ілінгеннін, Қырымдағы әкімшілік ғимараттардың төбесіне Ресей туы ілініп, автобусқа тиелген адамдардың сайлау учаскелерін аралап, өзгелердің орнына дауыс беріп жүргенін айтты. Сонымен қатар ол референдумда Ресей азаматтары да дауыс беріп жатқанын және Белогорск ауданындағы бір сайлау учаскесіне АТР телеарнасының журналистерін кіргізуден бас тартқанын жеткізді. Ал референдумды бақылаушы журналистердің бірі Екатерина Сергацкованың хабарлауынша, Қырымдағы сайлау учаскелерінде тізімде жоқ азаматтарға да бюллетеньдер таратылып жатыр, олардың арасында тіпті, басқа елдердің де азаматтары бар екенін растады.Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сүйенсек, бүгін таңертең Қырымда 1205 сайлау учаскесі жұмысқа кіріскен. Олар таңғы сағат 8-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық тұрады. Референдумға келушілердің ең төменгі деңгейі 50 пайызбен шектелген. Ал аталған шараны заңсыз, негізсіз әрі халықаралық құқықтық нормаларға қайшы деп санаған Қырым татарлары референдумға қатысудан бас тартып, бойкот жариялады. Сонымен қатар украиндық қоғам белсенділері де халықты референдумға қатыспауды, 16 наурызда үйде отырып, түшпара түюді ұсынды.Оқырмандардың естерінде болса, бүгін Қырым мен Севастополь қаласында Қырымның мәртебесін анықтау мақсатында референдум өтуде. Күн тәртібіне шыққан сұрақтар: «Қырымның Ресей Федерациясының субъектісі ретінде Ресейге қосылуын құптайсыз ба?», «Сіз Қырым Республикасының 1922 жылы қабылданған Конституциясын құптайсыз ба және Қырымның Украинаның бір бөлігі ретінде қабылдайсыз ба?».Бұл шараны өткізуге, Украинаның территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге әлемдік қауымдастық, яғни, АҚШ, Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі, тіпті, Қытай да қарсы. Сол себепті, референдум қорытындысын әлемдегі бірде бір ел заңды деп қабылдамайды. Украинаның тұтастығын сақтауды, Киев пен Мәскеу арасындағы саяси дауды бейбіт түрде шешуді Қазақстан да жақтайды. АҚШ, Германия мен Ресей басшылары ҚР Президенті Н.Назарбаевты арағайындыққа тартты. Нәзия Жоямергенқызыhttp://www.turkystan.kz
Загрузка...

Комментирование закрыто.