гнгнгннгПавлодар облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің қаржы полицейлері үстіміздегі жылдың өткен төрт айы ішінде 225 өрескел заң бұзушылықты анықтады. Мұның 68-і сыбайлас жемқорлыққа және 157-сі экономика және қаржы саласындағы заң бұзушылыққа қатысты. Сөйтіп, тергеу шаралары нәтижесінде мемлекет қазынасына 130 миллион теңгеден астам шығын келтірілгені анықталып, 36 қылмыстық іс сотқа жөнелтілді. 


– Үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айында мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз құжаттар дайындауына қатысты – 20, лауазымды асыра пайдалану бойынша – 13, алаяқтық іс-әрекеттерге қатысты – 12, пара алу бойынша – 7 қылмыстық оқиға анықталды. Бұған қоса, Екібастұз қалалық қаржы бөлімінің бас маманы А.Айдашевтың заң бұзушылық әрекет­­теріне қатысты қылмыстық істің беті ашыл­ды. А.Айдашевтың ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ құрып, жалған құжаттар да­йын­дау арқылы мемлекеттік жылжымай­тын алты нысанды таныстарының атына заңсыз тіркеген. Сондай-ақ Айдашев құрған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 30 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні Екібастұз қалалық сотының шешімімен осы қылмыстық топтың екі мүшесі қамауға алынды, – дейді Павлодар облыстық Экономикалық және сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы күрес (қаржы поли­циясы) департаменті баспасөз қызметі­нің же­текшісі Самал Ахмедьянова.

Өткен жылмен салыстырғанда, үс­тіміздегі жылы облыс аумағында пара алу көлемі үш есе өскен. Пара алғаны үшін «Ру­беж-Шідерті» жүйесі жол-патруль қызметінің инспекторы Н.Байбек төрт жыл­­ға, «Үрлітөбе» шекара бекетіндегі  2033 әске­ри бөлімінің кіші бақылаушысы Н.Мақа­тов алты жылға, Ауылшаруа­шы­лығы ми­нистрлігі Павлодар аумақтық инс­­пек­циясының бас маманы Т.Қажа­тов үш жылға бас бостандығынан айырыл­­ды. Қазіргі күні АП162/4 мекемесі (түрме) ау­мағына рұқсат етілмейтін заттарды кір­гізуге заңсыз жол бергені және пара ал­ға­ны үшін З. есімді қызметкерге қатыс­ты қылмыстық істі сот қарауда. Соны­мен қатар мемлекеттік лицензиясы жоқты­ғына қарамастан арақ-шарап өнімдерін ер­кін саудалап келген К. есімді келіншектің қаржы полицейінің біріне 60 мың теңге пара беру оқиғасына қатысты қылмыс­тық іс сотқа жөнелтілді.

– Әсілінде, қаржыны қымқыру бух­­галтерлік есеп-қисап құжаттарын қолдан жасау арқылы жүзеге асырылады. Мыса­лы, «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық бө­лімшесіне қарасты аудандық пошта тораптарынан 2012 жылғы желтоқсан айынан бергі уақыт аралығында 8 миллион теңгеден астам қаржының жалған есеп-қисап құжаттары арқылы қымқырылғаны анықталды. Қылмыстық істі тергеу аяқ­талып, сотқа жіберілді. Әділет министр­лігінің Қылмыстық атқару жүйесі Ко­митетінің түзеу мекемелері жанында­ғы мемлекеттік шаруашылық-есеп мекеме­сі директорының орынбасары мемле­кет­тік сату-сатып алу заңдылықтарын бұзу арқылы қазынаға 20 миллион теңгеден астам зиян келтірген. «Химпром» АҚ-тың бос тұрған екі ғимаратын жөндеуге жұм­салды деген желеумен осы сала маманда­ры бюджеттің 18 миллион теңгеден астам қаржысын қолды еткен. Мемлекет қар­жы­сын қымқырғандар, жалған құжат жа­сау­шылар заң алдында жауапқа тартылуда, – дейді Павлодар облыстық қаржы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Ахмедьянова.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

http://www.aikyn.kz

 

Рубрика: