АЛТЫНОРДА
Новости

Қылмыскерлер Әлия Телебарисованы алып қашты

hijhhЖақында Алматы қаласында қазақстандық актриса Әлия Телебарисова ұрланған болатын. Теріс ниетті қылмыскерлерден жасырыну үшін актриса жарақат алып қалды. Ару қызымыздың жанкүйерлері алаңдамаса да болады: аталған қақтығыс»Ештеңеге қарамастан» («Вопреки всему») атты фильмінің түсірілімінде орын алған. Бұл – Әлия Телебарисованың қатысуымен жарыққа шығатын жаңа фильм. Бұл туралы Еxpress-k.kz сайтына сілтеме жасап massaget.kz жазады.

Фильмнің режиссері – поляк режиссері Анджей Вайданың шәкірті, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің түлегі Айдын Самаханов екен. Мұнда Әлия қылмыстық топтан құтылу үшін ауылдан қалаға қашатын Кәмила атты бойжеткеннің рөлін сомдайды. Кәмиланың осы арада Мұратпен танысуы – тағдырдың сыйы десе де болады. Әлия тілшілерге берген сұхбатында: «Менің рөлім өте қиын, бұл жерде ылғи да уайым мен алаңдаушылықты көрсетіп отыру керек. Бірақ актердің басты мақсаты кез келген жағдайға еніп, мінсіз алып шығу. Көрермендердің қаһармандардың сезімдерінің шынайылығына күмәндәрі болмауы тиіс» деген екен. Заманауи Ромео мен Джульеттаның махаббат оқиғаларынан басқа, Кәмиланың анасы мен бауыры Еркебұланның өлімдері көрсетілетін детективті хикаялар экраннан көрсетілетін болады. Картинаның бас продюсері – қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев. Оның айтуынша, барлық сюжеттер қазақы менталитетке сүйеніп жасалған. Ал көрермендер кейіпкерлердің арасынан өздерінің таныстарын, достарын, көршілерін танитын болады. 20 сериядан тұратын фильімнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласы және Алматы облыстарында өткізілген. Фильм «Астана» арнасында қараша айының соңында немесе желтоқсан айының басында көрсетіледі деп жоспарланған.


Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».