22 октября, 2015 Comments Off on ҚУАН ҚАЗАҚ, ҚАНАТТЫҢ БАҒЫ АШЫЛДЫ!

ҚУАН ҚАЗАҚ, ҚАНАТТЫҢ БАҒЫ АШЫЛДЫ!

photo_141180Қазақтың маңдайына біткен біртуар былғары қолғап шебері Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақшы екен. Сүйінші жаңалықты    «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында қонақта болған белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов мәлім етті.      Кеш барысында қазақ спортының бірден-бір жанашыры Бауыржан Оспанов Қанат Ислам туралы жағымды жаңалығымен бөлісті     «Ол - қазақтың ұлтшыл азаматы. Алла тағала талантты әр қырынан бере салған азамат. Мен Қанаттың отбасы, жанұясын жақсы білемін. Үлгілі отбасында туған, өнегелі азамат. Елім-жерім дегенде жанын беруге дайын азамат. Оның ақыл-ойы, күш-қабілеті бір емес, бірнеше мәрте әлем чемпионы болуға жетеді. Сондай-ақ, сол атақты қорғап тұра алатын азамат. Өкініштісі, Қанат елімізге кішкене жайырақ келіп қалды. Бірақ, оның жеңісті жолдары алда. Бүгін айтпай тұра тұрайын, Қанат Исламның алдағы бәсекелеріне байланысты осы 3-4 күннің ішінде әлемнің ең мықты компанияларының бірімен келісімшартқа қол қойылады. Содан кейін Қанат әрі қарай кемінде екі айда бір рет жарысқа шығатын болады. Жеңіске бастайтын үлкен жол ашылады. Көп ұзамай Қанатпен қайта қауышып, бір-екі айда жетістіктерін еститін боласыздар», - деп атап өтті. Лайым солай болсын!

«Қамшы» сілтейді

Загрузка...

Комментирование закрыто.