hhghКөп балалы отбасылардың ипотекалық несиесін кешірудің жолы бар ма? 

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымдарының докторы:

– Әрине көтеріліп отырған мәселе өте орынды. Реті келсе көп балалы отбасылардың ипотекалық несиесін бала санына байланысты кешірім жасауға болады. Егер де көтерілген мәселе қолданысқа енгізілсе, бірден демогафиялық өсімге де үлкен серпін берер еді. Бірақ кешірім кімнің есебінен жасалу керек? Мәселе сонда. Банк есебінен болса, оған бакирлер келісе қоярма екен? Мемлекет есебінен дейтін болсақ, оған мемлекеттің қауқар жете ме? Мұның бәрін әбден ойланып, таразылап алған жөн. Десек те, әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылардың несиелеріне кешірім жасалып жатса құба құп болар еді.

 

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Бұл – өте үлкен мәселе. Бірақ шешуге болатын мәселе деп ойлаймын. Халыққа қол үшін созуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жеткілікті. Тіпті өткенде Үкіметтің кеңейтілге отырысында Елбасымыз 150 миллиард теңге игерілмей қалғанын қатты айтты. Бұл – 1 миллиард доллар. Осы игерілмей қалған ақшаны халық игілігіне бұрып жатсақ, өте оңды болар еді. Баспаналы болса, кез-келген ата-ана балаларының дұрыс білім алуына, тәрбиелі болуына көңіл бөлер еді. Демографияда өркендейді.

 

Ілияс ИСАЕВ, экономика ғылымдарының кандидаты:

– Мұндай қадамға жекеменшік банктер өлсе бармайды. Ал мемлекет өз қарауындағы Альянс, БТА, Темір банктер арқылы жасауына болады. Өйткені бұл банктерді дағдарыс кезінде банкрот болмас үшін, мемлекет ақша шығарып сатып алған. Енді оларды кері сату үшін, ол банктің қоржынындағы қайтарымсыз несиелерге міндетті түрде кешірім жасу керек. Онсыз оны ешкім алмайды. Жалпы бала санына байланысты импотекалық несиелерге кешірім беру оңды тірлік дер едім. Біріншіден үкіметтің халық алдындағы абыройы көтерілер еді. Екіншіден 15-20 жылға несие алып, баспаға ие болған отбасыларына үлкен жәрдем болмақ. Ұзақ жыл банктің несиесін төлеу ешкімге оңай соқпайды. Депутаттың бастамасы қолдау тауып жатса, жақсылықтың нышаны деуге болады.

http://www.aikyn.kz/articles/view/34917

Рубрика: