Украина сыртқы істер министрі Арсен Аваков үкімет күштері Славянскідегі сепаратистердің он блокпостын қайтарып алғанын Facebook парағында хабарлады. Оның сөзінше, ресейшілдер қарсылық танытып, ауыр қарумен, гранотометпен, жылжымалы зениттік кешенмен атқылаған. Қаза тапқан, жараланған адамдар бар дейді ол.

Аваковтың айтуынша, Славянск қаласы қоршауға алынған. Антитеррористік операция өтетін аумақтағы теміржол қозғалысы таяу арада тоқтамақ, аудандағы көлік жүрісі шектелмек.

Кәсіби жалдамалылармен соғыс жүріп жатқанын айтқан Аваков Славянск пен Краматорск тұрғындарын далаға шықпауға шақырды.

Славянскіде украин әскери тікұшағы атылып түсірілгені, қалада шетелдік білікті әскери мамандар жүргені де хабарланды.

Ресейлік БАҚ екі тікұшақ құлатылғанын айтты.

“Ақпараттық қарсылық” жетекшісі Дмитрий Тимчуктің сөзінше, украин жасағы Славянскінің көп бөлігіне билігін орнатқан.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140502/330/330.html?id=25370396

Рубрика: