21 августа, 2015 Comments Off on Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді

Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді

Снимок 1«Қазақстан дауысы» жобасының жаңа маусымы «Қазақстан» телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады. Үшінші маусым алдында жобаға бірнеше өзгерістер енгізілді. Осыған орай жоба директоры  Кенже Жұманұлы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымы өте қызықты болмақ. Халыққа жақын болуы үшін биыл біраз өзгерту енгізілді. Мысалы, тәлімгер Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді. Оған қоса, «Нар тәуекел» атты жаңа кезең енгізілді. Нағыз шайқастың қызатын кезі де осы кезең. Сондай-ақ, бұрынғы сайыстарға да өзгерту енді. Үшінші маусым алдыңғыларға қарағанда, анағұрлым қызықты болмақ».

Бас жүлде – 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

АЛМАС КИШКЕНБАЕВ


МАДИНА САДВАКАСОВАНУРЛАН АЛБАНРУСТЕМ НУРЖИГИТОВ - 2Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы  SMS-дауыс беру арқылы анықталады.

Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.

Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы - Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері - Нұрлан Албан. Көрермендердің таңдауы бойынша, «Қазақстан дауысы» танымал музыкалық жобаның екінші маусымының жеңімпазы атағына және 5 млн теңгеге Алмас Кішкенбаевтың тобындағы Бауыржан Ретбаев ие болды.

 

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan

Загрузка...

Комментирование закрыто.