АЛТЫНОРДА
Новости

КЕДЕНДІК ОДАҚ ЗАҢСЫЗ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТРАНЗИТТІК БЕКЕТІ МЕ, ӘЛДЕ ОФШОРЛЫ ЗОНАҒА ҚАРЖЫ АУДАРУДЫҢ ТЕТІГІ МЕ?

a349a2716f39b329c1dc5d8475e4fc2b (1)Кедендік Одақ заңсыз ақша айналымының транзиттік бекеті ме, әлде офшорлы зонаға қаржы аударудың тетігі ме? 

Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер:

Бұл мәселе бізде бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Осыдан бірер ай бұрын, тамыз айында Ресейдің Орталық Банкі көтерген. Олар бұдан былайғы жерде Қазақстанға қарай бағытталған валюталық айналымға бақылау қою керек немесе немесе Қазақстанға қарай валютамен ақша аудармау қажет» деген.  Содан кейін барып Ұлттық Банк төрағасы Г. Марченко осыған жауап ретінде «теңгенің бағамын мульти-валюталық корзинамен теңестіреміз» деді. «Кедендік одаққа мүше елдер заңсыз қаржы айналымына айналып бара жатыр» деген мәселені Парламентте  Гүлжан Қарақұсова көтеріп отыр.

Қаржы нарығында ақшаның  сыртқа жылыстауы деген ұғым бар. Бұл құбылыс, жаз, күз айларында күш алып кетеді. Бұл тек бізге ғана емес, барлық мемлекеттерге тән құбылыс. Меніңше, бұл мәселені кедендік одақ шарттарымен жұмыс істеген алғашқы жылдан бастап көтеру керек еді. Себебі, кәсіпкерлер арасында «жалған келісімшарт» деген ұғым бар. Заңсыз ақша айналымының  80 пайызы импорттық немесе экспорттық жалған келісімшарттар арқылы кетеді.  Сондай құжатқа қол қойған  қазақстандық кәсіпкер Ресейді немесе  Белорусь елін заңсыз ақша айналымының транзитті бекетіне айналдырып, сол ел арқылы офшорлы зонаға ақша жіберуі мүмкін. Бұл жерде үш елдің кәсіпкерлері үшін  кедендік кеңістік  офшорлы зонаның сызбасы немесе  транзитті нүктесі міндетімен ғана  шектеліп отыр. Өйткені ақша айналымы мәселесі мемлекетаралық келісімдермен заңдастырылмаған. Бұл заңсыз ақша айналымының біз білмейтін көлеңкелі әдістерінің бірі ғана. Ол үшін КО –ға мүше елдер  қолданыстағы шетел валютасы туралы заңды бір –бірімен сәйкестендіріп, валюталық операцияларға бақылауды күшейту керек. Бұл  – бір.  Екіншіден, үш ел арасындағы қаржы айналымын  Парламентте,  ЕЭК жанындағы арнайы комиссия  бақылай алады. Алдағы уақытта солардың құзіретін күшейтпейінше, бұл мәселе шешімін таппайды.

 

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

Меніңше, заңсыз ақша айналымы тек тек кедендік одақпен ғана шектеліп қалмайды. Кедендік Одаққа мүше алдер арасындағы ақша айналымы оның қасында тиын –тебен ғана. АҚШ-тың Халықаралық саясат орталығының зерттеуі бойынша соңғы 10 жылда қазақ жерінен 130 млрд. доллар ұрланған. Жақында Global Financial Integrity дамушы елдердің 2000-2009-шы жылдар аралығындағы заңсыз қаржы айналымын зерттеді. Оның басым бөлігі ұйымдасқан қылмыспен тонның ішкі бауындай байланысып кеткен. Оның ішінде, салықтан жалтару да бар. Жалпы дамушы мемлекеттер 844 трлн. доллар жоғалтқан. Соның 131 млрд-ы, қазақ ақшасы. Бір қызығы, 17 миллионға жуық халқы бар Қазақстан — Үндістан, Индонезия, Иран, Филиппин сияқты елдерді артта қалдырыпты. Ал, дүниежүзілік банк есебі бойынша, бөгде елге заңсыз шығарылған ақша 129 млрд. 489 млн-ға жетке. Демек соңғы 10 жыл ішінде жыл ішінде қолды болған ақша 20 жылдық егемендік жылдарында тартылған инвестициядан да көп болуы мүмкін. Сондықтан, біз ең алдымен импорттық-экспорттық келісімшартттар төңірегіндегі айқындыққа басымдық беруіміз керек, оған қоғамдық-мемлекеттік бақылауды күшейтуіміз керек. Ішкі сыртқы айналымдағы қаржы операцияларын ретке келтірмей, импорттық-экспорттық келісімшарттаруға мемлекеттік-қоғамдық бақылауды күшейтпей, кедендік одақ кеңістігіндегі ақша айналымын бақылауға ала алмаймыз.

 

Тимур НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

Ресейдің Орталық бан­кінің де ақша жылыстату операция­ларынан коммерциялық банктерді бір­жолата бас тартқызуға құзіреті жет­пейді. Себебі өткен аптада ресейлік «Вест­ник Банка России» басылымында Орталық банктің ресей­лік банктерге жасаған жаңа ұсыны­сы­ жарияланды. Ұсыныста қа­зақстандық және беларусьтық жал­ған импортпен күресу керектігі ай­тылған. Жалған импортты жеткізу ба­ры­сында ресейлік резиденттер, яғни ре­сейлік банктердің клиенттері қара­жатты банктердің басқа юрис­дик­ция­ларда орналасқан есепшоттары арқылы аударады екен. Мұндай опе­рациялардың ешқандай экономикалық мәні де, заңдық мақсаты да болмайтын көрінеді. Яғни ол нөпір ақшаны басқа елге аударып жіберу арқылы ары қа­рай өзіне тиімді жолдарды ашудың на­ғыз төте мүмкіндігі болып табыл­ады. Бұл тек Ресейдегі жағдай ғана. Ал бізге, кәсіпкерлерге өз ішіміздегі жағдай құпия, ол жайлы көп айтыла бермейді.  Көлеңкелі экспорттық –импорттық келісімшартардың, заңсыз кәсіпкерліктің, ел аумағындағы рейдерліктің кере зардабын біз ғана емес, үш ел де сезіп отыр.  Бұдан шығатын қортынды, билік пен бизнестің ара жігіндегі айқындылыққа қол жетпейінше, заңсыз ақша айналымының алдын алу мүмкін емес.  Сондықтан, КО мүше мемлекеттер осы мәселе төңірегінде ортақ келісімге келетін кез келіп жетті.  Егер, ондай мәселе көтеріле қалса, онда кәсіпкерлердің ұсынысы ескерілуі қажет.

Сабаева Гүлбаршын

 

http://www.aikyn.kz