04 февраля, 2013 Comments Off on Қазы жегің келсе Дөрбілжінге бар!

Қазы жегің келсе Дөрбілжінге бар!

Тарлан Тарбағатайдың бір сілемі Қытай жерінде. Жайыр тауын сағынған Жәркен ақынның(Жәркен Бөдештің)  біраз туысы сонда тұрады. Кеше ғана Іле қазақ автономиялы облысының бір аймағы саналатын Тарбағатайдың Дөрбілжін ауданында Қазақтың ұлттық тағамдары көрмесі өтті. Көрменің ең басты жаңалығы – 1111 метр яғни бір мың бір жүз он бір метр етіп жасалған әлемдегі ең ұзын қазы Гиннестің рекордтар кітабына енді.Ержақып Сағатбекұлы басшылық ететін «Жайыртау ет өнімдері» кәсіпорыны, Айнұр Дәлелқанқызы басқаратын «Ақжол ет-сүт өнімдері» фирмасы базарға шығарған ұлттық тағамдар Қытай жұртының таңдайын қақтырып отыр.Ең бастысы, арғы беттегі ағайындарымыз өздерінің ұлт екенін, ұлттық құндылықтарының адамзат мәдениетіндегі алар орыны айрықша екенін дәлелдеумен келеді. Біз соған қуанамыз. Бір әттеген-айы, әлем жұртын таңғалдырған сол жаңалықтар Қазақстанның атынан неге жарыққа шықпайды?! Әлде қазақты ұлт ретінде әлемге таныту Қытайдағы қандастарымыздың  міндеті ме?masa.kz
Загрузка...

Комментирование закрыто.