АЛТЫНОРДА
Новости спорта

Kazsport» телеарнасы 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының астанасын жариялау рәсімін көрсетеді

kazsport-mobiБірнеше сағаттардан соң «Kazsport» телеарнасының эфирінде 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болады. Алматы немесе Пекин қаласы ма?

Куала-Лумпур қаласынан (Малайзия) тікелей трансляциялар таңертеңнен бері жүргізілуде. Таңғы сағат 08:30-да «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде Алматы мәлімдемесінің презентациясы өтті. Сағат 09.55-те Пекин қаласы әлемдік бұқара назарына өз мәлімдемесін ұсынды.

Алматы немесе Пекин бе? 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарын қай қала өткізеді? «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінен Халықаралық Олимпиада Комитетінің шешімін жариялау салтанатын жіберіп алмаңыздар. Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да басталады.

Алматы мәлімдемесінің негізгі тезистері:

Қалада 13 ұсынылған спорт объектілерінің 9 объектісі бар (бұл шамамен 70%). Алматы қаласы қысқы спортқа арналған дамыған инфрақұрылымы бар табиғи қарлы аймақта орналасқан. Қала табиғи қарды пайдалануды және қысқы уақыттағы болжамды температураның диапазонын ұсына алады, бұл табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануды болдырмастан, табиғатты қорғай отырып,  Олимпиаданы өткізуге мүмкіндік береді.

ХОК-ан ұсынылған презентацияда: «Алматы-2022 – бұл соңғы 30 жылдың ішіндегі Олимпиаданың рационалдық мәлімдемелерінің бірі. Барлық спорт объектілері 30 км радиуста орналасқан. Алматы – бұл қысқы спортты жақсы көретін адамдардың ордасы, достық атмосфера, қысқы спорт түрін ұнататын және туған таулы өлкенің қоршаған табиғатын аялаған тамаша адамдар, мұнда қонақтарды кең қонақжайлылықпен қарсы алады!», — делінген.

 

 

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» телеарналарын, Қазақ, «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиоларын, сондай-ақ аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan