АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстандық заңгерлер автокреслоға қарсы шығуда

© Жақында қолданысқа енгізілген жол қозғалысына қатысты заңнаманың 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы құрылғының көмегімен ғана тасымалдауға қатысты бабына қарсы шығушылар қатары азаймай тұр. «Zakon.kz» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша «Қазақстан заңгерлері» лигасының тең басқарушысы, адвокат Жангелді Сүлейменов заңның осы бөлігін алып тастауды немесе уақытша тоқтата тұруды сұрап отыр.

Өткен жылы жол жиегіне көлік қоюға қатысты заң нормасы көпшіліктің қарсылығынан соң алынып тасталған еді. Елімізде көлік тұрақтары жеткіліксіздігіне байланысты бұл тыйым алынып тасталғандықтан еліміздің заңгерлері «еліміздегі көлік жүргізушілері де арнайы баланы ұстап тұруға арналған қосалқы жабдықтың жеткіліксіздігіне байланысты» бұл заңды да алып тастау туралы ұсыныс айтуда.

Рас, автокреслоға қатысты арнайы ресми органдардың өкілдері арқылы бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, автокресломен бірге басқа да құрылғыларды қолдануға болатыны айтылғанымен нақты заңда баланы ұстап тұруға арналған құрылғының не «бустер» не «адаптер» екені немесе мүлдем басқа құрылғы екені анық көрсетілмеген. «Мұндай түсінбеушіліктің өзі халықтың заңға деген наразылығына түрткі болып тұр» дейді заңгерлер.

«Бұл алдағы уақытта да көлік жүргізушісі мен жол-патрульдік қызметкерлері арасында түсініспеушілік туғызуы әбден мүмкін, сондай-ақ еліміздегі заңгерлер «көлікте арнайы құрылғы болмаса әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты инспектордың хаттама толтырып, 9910 теңге айыппұл салатыны түсінікті, ал одан әрі қарайғы олардың әрекеті түсініксіз. Заң бойынша көлік жүргізушісі сапарын тоқтатып, жаяу кету керек немесе қоғамдық көліктің қызметіне жүгінуі керек. Алайда қолайсыз ауа райында немесе қалааралық жолдарда, түнгі мезгілдерде бұл өте қолайсыз. Көлік жүргізушісі егер әрі қарай жүрісін жалғастыратын болса, арнаулы құрылғысыз жүргені үшін екінші рет 18 520 теңге айыппұл төлеуі керек» дей келіп еліміздегі заңгерлер бұл заңның елімізде қолданысқа шығуына әлі ерте деп санайтындықтарын жеткізген.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kazakstandyik-zangerler-avtokresloga-karsyi-shyiguda-60776/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі