Қазақстанда жыл сайын жаңадан екі мыңға жуық адамның ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталады деп мәлімдеді бүгін республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева.

– Соңғы бес жылда бізде ВИЧ жұқтыру көрсеткіші тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Жыл сайын халықтың 0,01 пайызы, яғни жаңадан екі мыңға тарта адам ВИЧ инфекциясын жұқтырады. 2011 жылдан бері бізде ВИЧ-тің жыныстық жолмен таралуы басым болып келеді. ВИЧ жұқтырғандардың орташа жасы 35-ті құрайды, – дейді Алла Елизарьева.

СПИД орталығы басшысының сөзінше, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 60 пайызы – ерлер. Бірақ былтыр әйелдер арасында ВИЧ жұқтырғандар көбейген.

2014 жылы жаңадан ВИЧ жұқтырғандардың 43 пайызы ерлер, 57 пайызы әйелдер болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883184

Рубрика: