АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша өңірлік штабтар құрылған

ааааа5Астана. 28 мамыр. Baq.kz Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша өңірлік штабтар ашылған, деп хабарлайды primeminister.kz Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 

«Облыстарда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша штабтар құрылған. Оған республикалық бюджеттен 116 млн теңге бөлінеді», — делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, бүгіннің өзінде ауыл шаруашылық министрлігі 2 млн-нан астам гектар жерді өңдеу үшін облыстарға инсектицидтер жіберді, пестицидтер сатып алуға 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бұдан өзге, бүгінгі таңда топтанған емес шегіртке зиянкестерімен күрес мәселесі өзекті болып қалуда. Ағымдағы жылы мұндай зиянкестерді 578 мың гектарда тарату күтілуде, 67 мың гектар жер өңделген.

Ағымдағы жылы оперативтік маусымда аса қауіпті зиянкес ағзаларды зерттеу үшін шегіртке зиянкестерінің жаппай тарауына ұшыраған аудандарға жіберілетін көлігі бар қосымша тексерушілер тартылады.

http://www.baq.kz/kk/news/29237