АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Қырғыз Республикасына барды

ааааБІШКЕК. 28 мамыр. Baq.kz — Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Қырғыз Республикасына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарастыру көзделген.
http://www.baq.kz/kk/news/29230