АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан бас прокуроры мен FBI басшылығы кездесті

Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Вашингтонда АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) директорының орынбасары Марк Джулианомен кездесті деп хабарлады бас прокуратураның ресми сайты.

Сайттың хабарлауынша, екі жақ құқықтық салада, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және қаржы жымқыру мәселелерімен күресте, ақпарат алмасуда ынтымақтастық орнату жайын талқылаған.

Асхат Дауылбаев бұдан бұрын Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшісі Томас Шэннонмен, сол елдің есірткімен күрес басқармасы директоры Мишель Леонхартпен кездескен. Ол кездесулерде адам құқықтары мен еркіндігін қорғау, терроризммен және экстремизммен күрес салаларында ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26859788