Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Қытай азаматын бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Облыстық соттың хабарлауынша, Қытай азаматының Қазақстан шекарасын “тиісті құжатсыз, рұқсатсыз әдейі кесіп өткені” дәлелденген. Оған Қазақстан қылмыстық кодексі 330-бабының 1-тармағы бойынша (“Қазақстан республикасының мемлекеттік шекарасынан әдейі кесіп өту”) айып тағылған.

Сотталған Қытай азаматы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140826/330/330.html?id=26550590

Рубрика: