www.youtube.comҚаңтар айының соңғы күндерінде Facebook-қа салынған жасөспірім қыздардың төбелесі түсірілген бұл бейнеролик көпшіліктің наразылығын тудырды. Шамамен үш минуттық бұл бейнежазбаның еліміздегі қай оқу орнының жатаханасында түсірілгені белгісіз. Алайда, ол қыздардың 15-16 жастағы колледж студенттері екені байқалып-ақ тұр.

Бұл видеоны көрген интернет қолданушылар қыз балалардың арасында таралған қатігездіктің себеп-салдары туралы пікір білдіріп, қызу талқыға салды.

Раушан: 27.01.2015, 16:57

Бұл оқиғаға Ішкі істер орган қызметкерлері міндетті түрде араласуы керек қой…

Зарина:27.01.2015, 16:58

Бұл роликті түсіріп тұрған қызда да ес жоқ. Төбелесті көпшілікке көрсетпеуі керек еді. Шамыма батқаны әлгі «оператор» жалпы қазақ қыздарының абыройын шелектеп төккені ақиқат.

Arman Armanov: 28.01.2015, 08:02

Мұндайларды полиция анықтап, оқудан шығару керек. Сұмдық қой бұл. Жайдан жай тиіскені несі. Бұл қай оқу орнының жатақханасында болды екен. Шынымды айтсам, таяқ жеген байғұс қызды аяп кеттім.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kazak-kyizdaryinyin-tobeles-internett-jardyi-video-61977/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: