АЛТЫНОРДА
Новости

Кассациялық сот: Мұхтар Әблязов экстрадициялансын

4 наурызда Францияның кассациялық соты БТА банктің бұрынғы төрағасы, оппозициялық олигарх Мұхтар Әбзяловтың оны экстрадициялау туралы алдыңғы сот шешіміне қатысты түсірген шағымын қанағаттандырмай тастады.

Әблязовтың қай елге экстрадицияланатыны әзірге шешілген жоқ. Оны экстрадициялауды Қазақстан, Ресей мен Украина қатар сұрап отыр. Сот шешімі Франция премьер-министрі қол қойған соң күшіне енеді.

БТА банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда тұтқындалған еді. Қазақстан билігі оны «банк басқарған кезінде 6 миллиард доллар жымқырды» деп айыптайды. Украина мен Ресей де бұрынғы банкирдің үстінен «қаржылық алаяқтық жасады» деген шағым түсірген. Әблязов «бұл айыптардың саяси астары бар» деп санайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26881950