29 июня, 2013 Comments Off on Кәсіптік білімді қолдау бағытында келісім жасалды

Кәсіптік білімді қолдау бағытында келісім жасалды

ПТУМемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында кәсіптік-техникалық білім беру ең алдымен, өңір экономикасының мамандарға деген ағымдағы және келешектегі қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екені айтқаны белгілі. Қарағанды облысында осы бағытта жұмыс берушілермен келісім жасалды. Осы аптада облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің төрғалығымен кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы болып өтті.Аймақ басшысы Бауыржан Түйтеұлы кеңес барысында Қазақстанда тұратын халықтың жартысынан астамының орташа жасы 30-дан төмен екендігін айтып өтті. Осы жастағы жұмыс істейтіндер үлесі экономикалық белсенді тұрғындар санының үштен бір бөлігін құрайды. Сондықтан сапалы білім беруді қамтамасыз ету, нарықта сұранысқа ие мамандық алу – міне, бұлар кәсіптік-техникалық білім беруді ұйымдастырудың негізгі басымдықтары болып табылады.Отырыста еңбек нарығындағы ағымдағы және болжалдық жағдай жөнінде «Мемлекеттік-жекелік әріптестіктің өңірлік орталығы» АҚ инвестициялық жобаларды әзірлеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков баяндама жасады.Білім беру басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, техникалық және кәсіптік бағыттағы мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде оралымды ойларын ортаға салды.Ал, машинажасау саласына қажетті кадрларды даярлауда оқытудың дуалды жүйесін қолдану туралы «Машинажасау консорциумы» ЖШС директоры Болат Кенжин баяндады.Машинажасау мен металлөңдеу саласындағы техникалық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығын құру мәселесін Қазақстанның машинажасаушылар Одағының атқарушы директоры Темірлан Алтаев көтерді.Осы тақырыпты онлайн режимінде ТМД кәсіптік білім беру бойынша базалық ұйымының басшысы, Белорусь Республикасының кәсіптік білім берудің республикалық институтының ректоры Аркадий Шкляр жалғастырды.Бауыржан Әбдішев биылғы жылдың көктемінде Қарағанды облысының делегациясы Белорусь Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтқандығын еске салып өтті. Ал, бұл өз кезегінде кәсіптік-техникалық білім беру саласында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа жаңаша серпін берді.- Машинажасау мен металлөңдеу саласындағы техникалық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың бірлескен орталығын құру сұранысқа ие мамандарды даярлауды жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз, - деді облыс әкімі.Осыдан кейін облыс әкімдігі мен «Машинажасау консорциумы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандумның мақсаты - материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту, жоғары білікті кадрлар даярлау, білім алушыларды өндірістік практикадан өтуге тарту және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру арқылы оқыту сапасын арттыру.Осы құжатқа сәйкес консорциум білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру және өтуіне, арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің машина жасау саласының кәсіпорындарында біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсетуді өз мойнына алады. Сонымен қоса өндірістің талаптарын ескере отырып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсету, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес кадрларды кәсіптік даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу, дуалды оқыту жүйесін енгізуге қолдау көрсетуді де консорциум өз міндетіне алып отыр.- Бүгін біз маңызды меморандумға қол қойдық. Бұл – Елбасының кәсіптік-техникалық білім беру саласын дамыту туралы берген тапсырмасын орындаудың нақты көрінісі болып табылады. Алдағы уақытта осы құжатта көрсетілген жұмыстарды бірлесе отырып нақты жүзеге асыруға тиіспіз. Сонда ғана біз нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз, - деді жиын соңында аймақ басшысы.Қ.ЖұмағалиұлыҚарағанды    
Загрузка...

Комментирование закрыто.