Жаңаша жасалатын киіз үйдің жобасы.Алматылық кәсіпкер қазақтың киіз үйін жаңа технологиялармен жабдықтап, экологиялық тұрғыдан таза, әрі арзан қонақ үйлерге айналдыруды мақсат етеді.

Жаңаша жасалатын киіз үйдің жобасы.

Кәсіпкер Едіге Ибрайымов Қазақстанда қазір көбіне малшылар жаздық баспана ретінде қолданатын киіз үйді шетелдік туристерді тартатын табыс көзі деп біледі. Ол киіз үйді қонақ үйге айналдыруды жоспарлап жүр.

«Қазақ үй» деп аталатын бұл қонақ үй кешені бұрынғыдай киізбен жабылмайды. Кешенді жаңа технологиялар бойынша жабдықтаймыз» дейді ол.

Оның жобасына қарағанда, жаңаша киіз үйде күн энергиясынан электр қуатын өндіретін шағын станция, байланыс пен компьютер желісі, басқару және қауіпсіздік жүйесі, ауа температурасын реттеу құралдары болады.

Едіге Ибрайымовтың айтуынша, «Қазақ үй» кешенінің аумағында жүк көліктеріне

Едіге Ибрайымов қонақ үй кешенінің жобасын көрсетіп тұр.Едіге Ибрайымов қонақ үй кешенінің жобасын көрсетіп тұр.

арналған тұрақ, дүкендер мен базар орналасады. Ол киіз үйлерден құралған қонақ үйлер кешенін Омбы–Майқапшағай, Алматы–Өскемен тас жолдары бойына орналастыруды көздеп отыр.

Қазақстанның туристік өңірлеріндегі қонақ үйлердің қызмет сапасы мен бағасына қатысты жиі шағым айтылады. Едіге Ибрайымов өз жобасын осы олқылықтың орнын толтырудың бір амалы деп біледі.

«Қазақ үй» кешені керісінше болады. Жобамыз сәтті болып жатса, кейін Қазақстанның басқа өңірлерінен желімізді ашуымыз әбден мүмкін» дейді ол.

Кәсіпкер киіз үйді жаңаша жасайтын өндіріс орнын Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында ашпақ.

«Қазір технологиялық даму ұлттық агенттігіне өтінішімізді беріп қойғанбыз. Бізге тек өндірісті ашуға 30 миллиондай теңге беру керек. Әзірге өтінішімізді қарап

Киіз үйлерден құралатын қонақ үй кешененің макеті.Киіз үйлерден құралатын қонақ үй кешененің макеті.

жатыр. Егер өндіріске ақша бөлсе, қалғанына өзіміз қаржы тауып құрастырамыз» дейді кәсіпкер.

Қазақстанда қазір киіз үй жасайтын кәсіпорындар жоқ. Алматы облысындағы Үштөбе қаласында 1961 жылы ашылған киіз үй зауыты қазір тоқтап қалған. Ал киіз үй жасайтын шеберлер «Қытайдың темір керегелері арзан, қазір кәсібіміз өзін ақтамайтын болды» деп шағымданады.

Қазақстанда киіз үйді туристер жиі баратын өңірлерде баспана емес, күндіз тамақ ішетін, тынығатын орын ретінде ғана пайдаланады. Ондай киіз үйдің ішінде ешқандай тұрмыстық жағдай жасалмаған.

Киіз үйді кейбір шет мемлекеттерде көптен бері баспана ретінде қолданып жүрген адамдар да бар. Азаттық АҚШ-та 30 жыл бойы киіз үй жасап, оны сатып, орнатып берумен айналысып жүрген компания туралыжазған еді.

Рубрика: