30 августа, 2013 Comments Off on Қарағанды спорты қарыштап дамуда

Қарағанды спорты қарыштап дамуда

ГоловкинСоңғы аптада Қазақстанның спорт әлемінде бірнеше ірі оқиға болса, соның басым көпшілігі қарағандылық спортшылардың есімімен байланысты. Атап айтар болсақ, «Шахтердің» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші ойынында шотландиялық «Селтикті» сенсациялық түрде жеңуі. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ЮНЕСКО-ның құрметті атағын иемденуі. Кәсіпқой бокста WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің шахтерлер күніне орай Қазақстанға келуі де үлкен жаңалық деп айтуға әбден болады.Осындай саңлақтардың елімізді әлемге танытатын биікке көтерілуі аймақта спортты қолдаудың жүйелі жолға қойылғанын көрсетсе керек. Аймақ басшылығы спорттың дамуына жағдай жасап қана қоймай, үздіктерді дер кезінде марапаттап, қолдап, дем беріп отыруды да ұмытпайды.Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиында Головкиндер отбасының да марапаттарға ие болуы соның дәлелі.Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Геннадий  Головкинге төсбелгі және Қарағанды қаласының құрметті азаматы дипломын тапсырды. Әйгілі боксшының әкесі - көмір өнеркәсібі саласының ардагері Геннадий Иванович Головкин «Көмір өнеркәсібі саласының құрметті жұмысшысы» атағына ие болды. Анасы Елизавета Евгеньевнаға да бағалы сыйлық тапсырылды.«Менің балалық шағым шахтерлер отбасында өтті. Мен өз ата-анамды мақтан тұтамын, Қарағанды облысында туғаныма қуанамын. Қолдау көрсеткендері үшін қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Менің жеңістерім - бүкіл Қазақстанның жеңісі», - деп боксшы.Өзінің айтуынша, Головкин Қазақстанда екі апта болмақ. Жоспарланған уақыттың біраз бөлігін отбасымен бірге өткізбекші.Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 2 қарашада америкалық Кертис Стивенспен шаршы алаңда кездеседі. Кездесу АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Мэдисон-сквер-гарден сарайында өтпек.Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 27 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Кертис Стивенс 28 кездесудің 25-ін жеңіспен аяқтаған.Айтпақшы, Гена чемпиондық атағын дәлелдеу жолындағы кезекті кездесулерінің бірін Қазақстанда өткізбекші. Бұл туралы ол туған қаласына келген сапарында айтты.Оның ойынша, кездесу   туған қаласы - Қарағандыда емес, Астанада немесе Алматыда өтуі тиіс. Боксшы бұны халық, атақты тұлғалар және телеарналардың көп жиналуына мүмкіндік мол екенімен түсіндірді.«Менің ойымша, айқас келесі жылы өтеді. Біз бұл мәселені талқылау үстіндеміз. Енді кестеге енгізу қажет», - деді Геннадий Головкин.Қ.ЖұмағалиұлыҚарағанды  
Загрузка...

Комментирование закрыто.