22 апреля, 2013 Comments Off on Қарағандыда шағын шаһарларды дамытудың бірнеше жобасы жүзеге аспақшы

Қарағандыда шағын шаһарларды дамытудың бірнеше жобасы жүзеге аспақшы

karaganda11212Қарағанды облысында шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында бірнеше маңызды жобаға қолдау көрсетілмекші. Бұл туралы жақында аймақ басшысы Бауыржан Әбдішевтің төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиын барысында Индустрияландыру картасына енгізілетін «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалар қарастырылды. Сондай-ақ 2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жаңа бағыттары да талқыға түсті.Индустрияландыру картасына ұсынылған жобалардың бірі - Балқаш қаласындағы «Iron Concentate Company» темір концентраты өндірісі. Құны - 510 млн.теңге. Бұл жобаның жаңалығы – темір концентратын алу үшін минералды ресурстарды тереңірек өңдеуде болып отыр. Ал мұндай әдіс бұрын-соңды мүмкін емес деп есептеліп келген болатын.Сондай-ақ отырыста «Global Chemicals Industries» ЖШС директоры Ж.Жанықұлов «Бестөбе» кен орнында баритті өндіріс құрылысы жобасы туралы баяндады. Аталған жоба - ТМД бойынша баритті өңдеудегі ірі және жоғары технологиялы жоба. Оның құны - 4 млрд теңгеден астам.Ал «Қарцемент» АҚ-ы №5 пеш желісін қайта құрастыру мен жаңғыртуға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша өтініш беріпті. Бүгінгі таңда бұл пеште монтаждау жұмысы 98 пайызға аяқталған.Бұдан басқа «Сантехническая» және «Жаңа қала» шағын стансаларын қайта қалпына келтіру» жобалары кеңес мүшелері назарына ұсынылды. Бұл жобаны ұсынушы - «Қарағанды -Жарық» ЖШС. Жоба авторларының айтуынша, аталған стансаларды қайта қалпына келтіру құрылғылардың қауіпсіздігін азайтып, пайдалану шығындарын кемітіп, тұтынушылардың электрэнергиясын қолдану сенімдігін арттыра түседі.Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша жобалары да бар. Олар субсидиялауға өтініш білдірді.Ондай жобалардың жалпы несиелік құны 9 млрдтан астам теңгені құрайды.Ал, «Өндірістік инфорақұрылымды дамыту» бағыты бойынша Саранның өнеркәсіптік аймағына апаратын айналма жолды қайта қалпына келтіру жобасы қолдау тапты. Бұл аймақта 16 кәсіпорын орналасқан.Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы арқылы Балқаш қаласындағы екі жобаның пайыздық төлемі субсидияланатын болды. Олар «Пульс» ЖШС-нің мейрамхананы қайта қалпына келтіру және «Арыстан VIP Строй» ЖШС-нің «Шағын даналы бетондық өнімдер өндірісі» жобалары.Айрықша атап өтерлігі кредит бойынша пайыздық үстемеақыны субсидиялау 10% құрайды, сондай-ақ салалық шектеулер де жоқ.Сонымен қатар шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жеңілдік арқылы шағын несие беру, 3 млн.теңгеге дейін гранттар беру мәселесі де назардан тыс қалмады.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі:- Бүгінгі Үйлестіру кеңесі отырысының маңызы да ерекше, мәні де бөлектеу болып отыр. Себебі, бизнесті қолдаудың жаңа механизмдері қолданысқа енгізіліп, алғаш рет шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жобаларға қолдау көрсетілді. Бір айта кетерлігі, бұл – тек ірі бизнеске ғана емес, шағын кәсіпкерлікті дамытуға көрсетіліп отырған нақты көмек. Сол себептен моноқалаларда өз жобаларын жүзеге асырып жатқан барлық кәсіпкерлерді осы керемет мүмкіндікті кеңінен пайдалануға шақырамын, - деді.Қ.ЖұмағалиұлыҚарағанды
Загрузка...

Комментирование закрыто.