22 октября, 2015 Нет комментариев

… ҚАР ТӨГІЛЕТІН ЖЕРЛЕРГЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛАДЫ

461-300x198Қыс қыр астында. Сондықтан, оған әзірлік жұмыстарына мейлінше ертерек қамданған дұрыс.

Осы мақсатта қала басшысы Бауыр­жан Байбек қар тазалайтын техника­лардың сапасы, олардың дайындығы туралы тексеру жұмыс­тарын бастады. Алматы қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы – 1620 шақырымды құрайды. Олардың 65 пайызын мемлекеттік «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіп­орны тазартады. Мұнымен қоса, қала көшелері мен тротуарларды қардан тазарту жұмыстары үшін 17 мердігер ұйым тартылған. Дәл қазір Алматы қаласын қардан тазартатын 860 арнайы техника сақадай-сай әзірлік үстінде.

Қаланың қысқа дайындығын, соның ішінде, арнайы қар тазалайтын техника­лардың әзірлік жұмысын жіті бақылаған қала әкімі: «Мен қала­мызды қардан тазартатын техникалар мен олардың қарды төгетін арнайы орындарын қайта тексеріп шығамын. Жалпы, қала көшелерінен шығары­латын қарлар тиісті орындарға төгіле ме? Қала сыртына шығару жұмыс­тары қалай ұйымдастырылған? Шын мәнінде, қарды шығарасыздар ма, әлде тек қағаз жүзінде ғана ма? Міне, енді, бұдан былай осындай кемшіліктер болмау үшін қар төгілетін арнайы жерлерге бейне­бақылау орнатылып, кезекші қою керек. Қар таситын көліктердің нөмірін де тіркеп отыру керек болады. Мұның бәрін өзім қатаң бақылап отырамын», – деп ескертті шаһар басшысы.

Сөз арасында қала басшысы тиісті сала басшыларынан «Сіздер жалпы көшелерді қардан қай уақытта тазалайсыздар?» деп сұрады.

– Көшеде кептеліс басталып, жұрт жұмысқа ағылған сәтте қар тазарта бас­таудың еш қажеті жоқ. Бұл  қайта тұр­ғындарға қолайсыздық туғызады. Сондық­тан, қала көшелерін қардан түнде тазарту керек. Астанада түнде қарды күреп, көше­лерді тазалап шығады. Таңертең жұрт тазартылған жолмен жұмысқа барады. Мен, ең алдымен, қаланың картасын көргім келеді. Сосын, сіздердің дайын­дық­тарыңызды, нақты жағдайларда қалай жұмыс істейтін­діктеріңізді білгім келеді. Сонымен қатар, әрбір аудандағы арнайы қар төгілетін жерлерге бейнебақылау орнатылып, жүргізілген жұмыс бақылауға алынуы керек. Мердігерлік ұйым­дармен арадағы келісім-шарттары­ңызды да көр­сетіңіздер. Өз жұмысын сапасыз атқаратын ұйымдар­мен келісім-шарт жасалмасын. Егер, өз тараптарыңыздан басқа да ұсыныс, талаптарыңыз болып жатса, талқылап, кеңесейік, – деді қала әкімі.

Осыдан соң, қала басшысы барлық 8 аудан әкімдерінің алдағы мау­сымдағы қар тазалау жұмыстары, оны төгетін арнайы орны, техни­каларының дайындығы тұрғы­сындағы есептерін тыңдады. Ең бастысы, қаланың негізгі көшелерімен қатар, қаланың барлық аумағын қардан уақтылы тазартып отыруын қадап тапсырды. Дәл қазір қаланы қардан тазарту жұмыстары үшін 60 тонна құм, 11,6 мың тонна тұз дайындалды.

Сондай-ақ, көшені қардан тазарту үшін 2 мың адам жұмылдырылатын болады. Қар тазартушылар арнайы киімдермен, демалыс бөлмелері мен ыстық тамақпен қамты­латын болады.

PS. Қала әкімі осы күні Жетісу ауданын да аралады. Шаһар басшысы «Алматы ипподро­мында» болды. Алматының тарихи және халыққа қажет нысан «Алматы ипподромы» кезінде жекеменшікке өтіп кетіп, кейін қажетсіздікке ұшырап, қараусыз қалған болатын. Алматы басшылығы жыл басында ипподром мәселесін күн тәртібіне қойып, тарихи нысанды бюд­жет есебінен мемлекет меншігіне қайтаруды қарастырған болатын. Деген­мен, қалалық мәслихаттың соңғы шешімімен экономикалық дағ­дарыс жағдайына байланысты және бюджет қаржысын мүмкіндігінше үнемдеу тапсырысына орай, бұл нысанды сатып алу мәселесі тоқтатылған еді.

Ипподромды жеке инвесторлардың қаржысына қала игілігіне  қайтару қарастырылып жатыр. Яғни, инвестор табылып, «Алматы ипподромы» қайта жаңғырған жағдайда, ол мемлекеттік меншікте болуы тиіс.

Керек дерек

Алматы қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы – 1620 шақырымды құрайды. Олардың 65 пайызын мемлекеттік «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорны тазартады. Мұнымен қоса, қала көшелері мен тротуарларды қардан тазарту жұмыстары үшін 17 мердігер ұйым тартылған. Дәл қазір Алматы қаласын қардан тазартатын 860 арнайы техника сақадай-сай әзірлік үстінде.

Рая ЕСКЕНДІР

http://almaty-akshamy.kz/

Сурет /almaty-akshamy.kz/газетiнен алынды

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.