АЛТЫНОРДА
Новости

 «Қаламгер» жарық көрді

Қазақстан Жазушылар одағы жанынан «Қаламгер» атты халықаралық ақпараттық, танымдық-талдамалық, көркем-әдеби журналының тұңғыш саны жарық көрді.


Журналдың, бас үйлестірушісі – Қа­зақстан Жастар одағы «Серпер» сый­лы­ғының иегері, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев. Бас редакторы – ақын Кәдірбек Құныпия. 64 беттік журнал айына бір рет шығып тұрады. Жаңа басылым Қазақстан Жазушы­лар одағы басқармасының төрағасы, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Ора­залиннің ақ жол тілеген құттықтау сөзімен ашылған. «Күретамыр» айдарымен Абай өлеңдері, «Алтын қалам» айдарымен Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесі, «Алтын көпір» айдарымен Пушкин өлең­дерінің қазақша аудармасы, «Тағылым» айдарымен америкалық жазушы Уильям Фолкнердің Нобель сыйлығын алғанда сөйлеген сөзі берілген. Сондай-ақ жур­налдың тұңғыш санынан Мұрат Әуезовпен, жазушы Берік Шахановпен болған сұх­баттарды, Фариза Оңғарсынованың өлең­дерін, Қоғабай Сәрсекеевтің Бауыржан батыр жайлы естелігін, Шерхан Мұрта­заның «Сол бір күз» атты әңгімесін, жа­зушы Нұрғали Ораздың «Қазығұрт оқи­ғалары» кітабы жайында жазылған әдеби сын мақалаларын оқуға болады. Ақын Ұлықбек Есдәулет айтқандай, «Жаңа заманның жаңа әдебиетінің жар­шысы, талғам таразысына айналуы тиісті жаңа басылымға» ақ жол тілейміз.

Төре ҒАЛИ

 

http://www.aikyn.kz