16 октября, 2015 Comments Off on Қайыржан ТӨРЕЖАН.ТӘУЕКЕЛ ЖАСАҒАН ТАУАР ТАСУШЫЛАР ТҰТЫЛДЫ

Қайыржан ТӨРЕЖАН.ТӘУЕКЕЛ ЖАСАҒАН ТАУАР ТАСУШЫЛАР ТҰТЫЛДЫ

image14403907_248e3604cb1bdafba449754708940d65Бейсенбі күні Жамбыл облысының Мерке ауданында тауарлар контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік шекарадан ерсілі-қарсылы тауар алып өтіп жатқан сауда-саттықпен жүргендердің барлығына заңды сыйлайтын, таза жұмыс істейтін саудагерлер деп қарауға болмайды. Олардың ішінде заңды айналып өтіп контрабандалық жолмен тауар өткізгісі келетіндер немесе шекарада тұрған кедендегілерді сатып алғысы келетіндер бар екені рас. Осындай бір топ адамдар ұйымдасып, мемлекеттік шекара арқылы халық тұтынатын тауарларды Қырғызстаннан заңсыз тасымалдап, кеден салығынан айналып өтіп жүрген көрінеді. Бірақ жіп қаншама ширатылып, шиеленіссе де оның ұшы бәрібір табылады емес пе. Осы топты биылғы жылдың сәуір айында 14 жүк автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өткен кезінде шекара қызметі ұстады.

Бұл іспен Бас прокуратураның арнайы прокурорлары айналысты. Тергеу жұмыстары аяқталып, осы қылмыстық іс бойынша құрамында Қазақстан мен Қырғызстанның 22 азаматы сотқа берілді. Оның ішінде 4 шекара қызметкері де бар. Контрабандалық жолмен шекарадан өтіп келе жатқан 14 жүк көлігіндегі халық тұтынатын тауарлардың тауарлар тоқтатылып, уақытша қамаққа алынды. Сараптама қорытындысы бойынша, контрабандалық керуендегі тауардың кедендік құны 162 млрд теңгені құраған.

Үш айдан астам уақыт бойы осы іс бойынша сот процесі жүрді. Бірінші сатыдағы сотта екі прокурор мемлекеттік айыптауды қолдап, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәсін дәлелдеп шыққан болатын. Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдегі жазаға кесілді. Заттай айғақ ретінде танылған халық тұтынатын тауарлары бар 14 жүк автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Контрабандамен айналысқан трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот үкімі кеше заңды күшіне енді.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.