18 августа, 2015 Comments Off on «ҚАЙРАТТЫҢ» БІР АЯҒЫ АБЕРДИНДЕ, ал «Астана» мәселені сейсенбіде шешеді

«ҚАЙРАТТЫҢ» БІР АЯҒЫ АБЕРДИНДЕ, ал «Астана» мәселені сейсенбіде шешеді

97ae0f9d342abeb53f4fea981b025406_XLБиылғы еурокубок бәсекелері қазақ жанкүйерлерін әрі-сәрі күйге бөлеп тұр.Алғашқы іріктеу кезеңінен «Ақтөбенің» өте алмауы көңілді ғана емес, қоржынды да ортайтып кетті. «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4 кездесуде 1 ғана ұпай жинап, Қазақстан қоржынына 0,250 ұпай ғана салды. 
«Ақтөбені» айналып өткен «Нымме Калью» ІІ іріктеу кезеңінің алғашқы матчында  Лихтенштейннің «Вадуц» командасынан ұтылып қалды (1:3). Ал «Ордабасыны» жеңген «Бейтар» Бельгияда «Шарлеруаның» шаңын қапты – 1:5.  Демек, ақтөбеліктер мен шымкенттіктер биыл өз дәрежелерінен әлдеқайда төмен өнер көрсетті деп кесіп айтуымызға болады.

«Астана» –шабуыл бар, нүкте жоқ
Өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысып жатқан «Астана» алғашқы матчта «Марибордан» жеңілді. Жеңіс голын 5-минутта орталық қор­ғаушы Шулер соқты. Сырт алаңда ой­наса да, астаналықтар қорғанысқа жам­бас­тап жатып алған жоқ, керісінше, алаң ие­лерін тықсырумен болды. Бірақ ойлы шабуыл­дарды нәтижелі аяқтайтын бірде-бір мықты соққы жасай алмады. Ойын ал­дында жарақаттанған Кетевоаманың жоқтығы «Астанаға» ауыр тиді. Фокси 90 минут түгесілер тұста ғана алаңға шық­қан­мен, ойын тағдырын өзгертуге уақыты да, шамасы да жетпеді. «Марибор» де бас ай­нал­дырарлық ештеңе көрсеткен жоқ. Мә­селе 22 шілде күні «Астана-Аренада» ше­ші­леді. Станимир Стойлов өз командасын жеңіс­ке бастай ала ма? Көңілдегі ой – осы. 
ІІІ іріктеу кезеңінде «Астана» – «Ма­ри­бор» жұбының жеңімпазы ХИК (Финлян­дия) – «Вентспилс» (Латвия) жұбының же­ңім­пазымен жолығатын болды. Ал­ғаш­қы матчта ХИК 3:1 есебімен сырт алаңда жеңіске жетті. Демек, елордалықтар «Ма­ри­борды» ұтса, Суоми еліне жол тартуы мүм­кін.
«Астанаға» қалайда жеңіс керек. Өйт­кені Қазақстан қоржынындағы ұпай мейлінше аз. 2013/2014 маусымында дәл осы «Астана» Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде «Ботевтен» (Болгария) екі матчта да ұтылып, Қазақстан еншісіне соқыр ұпай қоса алмап еді. Сол оқиға сабақ болса игі. 

«Қайрат» рекордқа жақындады
Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» Алматыдағы Орталық стадионда Ереванның «Алашкерт» (Ар­мения) командасын 3:0 есебімен ой­сырата ұтты. Бауыржан Исламхан пе­нальтиден есеп ашса, Жерар Гоу мен Джорд­­же Деспотович те мергендік та­ныт­ты. Алматылықтар еурокубоктарда қата­ры­нан үш рет жеңіске жеткен «Астана» мен «Шахтердің» табысын қайталады.
1. «Шахтер» – 2013/2014
Чемпиондар лигасына іріктеу
БАТЭ (Беларусь) – 1:0, 1:0, «Скен­дер­беу» (Албания) – 3:0
2. «Астана» – 2014/2015
Еуропа лигасына іріктеу
«Пюник» (Армения) – 4:1, 2:0, «Ха­поэль» (Израиль) – 3:0
3. «Қайрат» – 2015/2016
Еуропа лигасына іріктеу
«Црвена Звезда» (Сербия) – 2:0, 2:1, «Алаш­керт» (Армения) – 3:0
23 шілдеде Ереванда өтетін ойында «Қай­рат» жеңісті жолын жалғастырса, қа­зақ командаларының ішінде еуро­кубок­тардағы ең ұзақ жеңіс сериясын мен­шік­тейді. Демек, «Қайрат» осындай жетістік үшін де қарымта матчта жанын салуға тиіс. 
«Алашкерт» қақпасынан саңылау тап­қан Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоу биылғы еурокубоктардағы голдар санын 2-ге жеткізіп, «Қайраттың» рекордшысы бо­лып отыр. Бұған дейін В.Артемов, С.Сы­ма­қов, А.Фоменко, А.Богомолов, А.Тлеху­гов, А.Дарабаев, Й.Кнежевич сияқты фут­болшылар бір-бір гол авторлары атанған болатын. Биыл олардың қатарына И.Қуат пен Д.Деспотович те қосылды. «Қайрат» «Алашкертті» жолда қал­дырса, ІІІ іріктеу кезеңінде Шотландияның «Абердин» командасымен кездеседі. Абер­диндіктер Хорватияның «Риека» ко­ман­дасын сырт алаңда 3:0 есебімен ұтып, мә­селені толықтай дерлік шешіп қойды. Бұ­ған дейін қазақ клубтары Шотландия ко­мандаларымен тоқайласып көрген емес. 
«Қайраттың» тағы бір рекордын айтпай кету­ге болмайды. Үш ойында қатар жеңіске же­тіп, В.Вайсс шәкірттері биыл әзірше Қа­зақстанның клубтық рейтингіне 0,750 ұпай қосып отыр. Бұған дейінгі алма­ты­лықтардың жоғары көрсеткіші былтырғы 0,5 ұпай болатын («Кукеси» – 1:0, 0:0, «Эсбьерг» – 1:1). 

Былтырғы биіктен төмендемеу қажет
УЕФА коэффициентінде Қазақстан 30- орын­да тұр. Дегенмен алдымыздағы Әзір­байжанды қуып жету қиындау. Каспийдегі көршілеріміздің 4 командасының біреуі ғана еурокубоктардан шығып қалды. Биыл олар әзірше 1,125 ұпай жинап тұр (Қазақ­стан­дікі – 1,0). Әзірбайжанды қуып жету үшін «Қайрат» пен «Астана» кем дегенде ортақ қазынамызға 2-3 ұпай қосуға тиіс. Ал бұл – өте қиын шаруа. Әзірбайжанның соңғы 5 маусымдағы ұпай көрсеткіші – 11,625. Біздікі – 10,500. Демек, ара қашықтық алыс­­­тау.
Бізді өкшелеп келе жатқан Сло­ва­кияның қарқыны да жаман емес. Бұл елдің 4 командасы да ат үстінде. Биыл олар таза 2 ұпай жинады. Қазақстанмен ара қашық­тықты небәрі 0,250 ұпай бөліп тұр. (Сло­вактарда  10,250 ұпай бар).
Ендеше, «Қайрат» пен «Астана» алдағы ойын­дарда, әсіресе, сырт алаңдарда да ұпай ие­ленуге тырысқаны жөн. Әйтпесе, тө­мендеп кетуіміз өте мүмкін. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

http://www.aikyn.kz/

 
 

Загрузка...

Комментирование закрыто.