13 декабря, 2013 Comments Off on Қайрат Рысқұлбеков жайлы фильм көрсетіледі

Қайрат Рысқұлбеков жайлы фильм көрсетіледі

Алматыда «Халық Қаһарманы» – Қайрат Рысқұлбеков туралы тұңғыш рет түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.Деректі фильмнің тұсаукесеріне Қайрат Рысқұлбековтың туыстары, желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Қайрат Рысқұлбеков – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылында дүниеге келген. 1983 жылы ауылдағы орта мектепті тәмамдаған соң, әскер қатарына алынып азаматтық борышын өтейді. 1986 жылдың тамызында әскер бөлімшесінен Алматыдағы Құрылыс институтына жолдама алып, сыннан сүрінбей оқуға түсті. Осы жылдың 16-18 желтоқсанында көптеген қазақ жастары қаймықпаған көтеріліске белсене қатысып, қанды қырғында қайсарлығымен көзге түсті. Ал, 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері Қайратты «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген жаламен тұтқындап, оған түрлі айып тағылды. Ақыры ату жазасына кесілді. Бірақ Халықаралық ұйымдардың араласуымен Қайратқа берілген ату жазасы, 20 жыл бойы бас бостандығынан айыру шешіміне ауыстырылды. Артынша Семей түрмесінде белгісіз жағдайда көз жұмды. Елі үшін еміреніп өткен есіл ердің қайсарлығын халқы ұмытпады. Қайрат Рысқұлбеков еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталып, «Халық Қаһарманы» атанды/anatili.kz/.
Загрузка...

Комментирование закрыто.