АЛТЫНОРДА
Новости

ҚАЙРАН, ҚАШАҒАН!

Қазақстан Қашаған кен орнындағы апат салдарынан күн сайын $3 млн жоғалтып жатыр. 

Қазақстан Қашаған кен орнындағы апат салдарынан күн сайын $3 млн жоғалтып жатыр. Бір жылда бұл шығындар $1 млрд-дан асып түсуі мүмкін, бұл елдің ІЖӨ-нің 0,5%-ын құрайды.

Қазақстандық шындық осы. Енді сол Атыраудың мысалын қарайық, егер сол бюджетті Ұлттық қор немесе жергілікті бюджет алатын болса не салуға болар еді. Осы мұнайлы өңірге не жетпей жатыр? Жауап дайын — қолжетімді баспана, орта мектептер мен балабақшалар. Апат салдарынан еліміз күн сайын жоғалтып жатқан $3 млн алып қарайық. Осы ақшаға аз қамтылған отбасыларға арнап 30 екі-үш пәтерлі үй тұрғызуға болады. Жылына 11 мыңдай пәтер, бұл өңірде әр отбасында аз дегенде 4 адам бар деп есептейтін болсақ, 40-45 адам қуанышқа кенеледі деген сөз, ал бұл дегеніңіз орташа қаланың тұрғындары.

Бұл қаржыға — тәулігіне $3 млн — ең болмағанда бір ауыл мектебін салуға болады, сонда жылына олардың 365-ін тұрғызуға болады. Әр балабақша құрылысына $1,5 млн кетеді деп есептегенде 700-дей балабақша салуға болады. Бұл сандарды біз осы өңірлерге жеткізелетін материалдың қымбаттауын ескере отырып, тендер қорытындысы бойынша ашық дерек көздерінен алдық.

Міне, тек бірінші жылы ғана Қазақстан қандай шығынға ұшырауы мүмкін, ал әлі расталмаған дерек көздер бойынша кен орнындағы жұмыс 2015 немесе 2016 жылға дейін тоқтап тұруы да мүмкін екен. Сондықтан республика Қашағаннан әлі алмаған ақшалай қаражатты екі немесе үш есе арттыру керек.

Енді шетелдік инвесторлардың әрекетіне назар аударалық. Қазақсан шетелдіктерді өнімді бөлісу туралы келісімдерімен (ӨБК) баурап алды — компания барлау, өндіру және игеру бойынша барлық шығындарды өзіне алған сияқты ерекше келісімдер, кейін олардың орнын мұнай сату есебінен толтыруы мүмкін, міне содан кейін ғана олар өз кірісітерін белгілі бір деңгейде билікпен бөлісуге мәжбүр.

1997 жылдың күзінде қол қойылған өнімді бөлу туралы келісім талаптарына сәйкес, Қашағанның алғашқы мұнайын келесі кестеге сәйкес алуы керек: барлау кезеңі — 2 жылға созылуы мүмкін 4 жыл, бағалау кезеңі — 4 жыл. яғни кен өндіру 2008 жылға жоспарланған болатын.

Дегенмен 2001 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге ақша жетпей жатқандықтан, мерзімін барынша ерте мерзімге ауыстыруды талап етті. Сол кезде Eni консорциум операторы статусын иеленген еді, тек сол ғана Қашағанда кен өндірісін 2005 жылы бастау, мұнайдың ғана емес, газдың да тасымалын және сатылымын қамтамасыз ету, мердігерлер ретінде қазақстандық кәсіпорындарды тарту; «ҚазМұнайГаз» мемкомпаниясына қосалқы оператор мәртебесін беру және Қаспий экологиясына ұқыпты қарау туралы Н.Назарбаев қойған 5 талаппен тек сол ғана келіскен еді.

2003 жылдың қазанында қашағандық консорциум Қашағанды әзірлеу бағдарламасын жүзеге асыруды бастау туралы хабарлады. Ол 3 кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңі — кен орнының өндірістік-тәжірибелік әзірленуін қарастырады, екінші және үшіншісі — оның толық масштабты әзірленуін қарастырады. Жобаның 4 жылға созылатын бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында Қашағандағы мұнай өндірісі тәулігіне 450 мың баррелді құрау керек болатын, ол бастапқы жоспарланған көлемнен 4 есеге көп. 3 жылға есептелген жобаның екінші кезеңінде мұнай өндірісі 2 есе өсу керек болатын. 5 жылға созылатын үшінші кезең барысында тәулік сайын 1,2 млн баррель мұнай өндіру жоспарланған болатын. Мұнай өндіру басталғаннан кейінгі кен орнын пайдаланудың жалпы мерзімі — 40 жыл.

Қазір Қашаған жағалау маңындағы аймақта құрылысы бітпей қалған казиноны еске салады. Оның басында қалталары фишкаларға толы түрлі ойыншылар жүр, бірақ жанарларында бұрынғыдай ұшқын жоқ. Жарналар бірнеше есеге өсіп кеткен және де ешкім кеткісі келмейді. Көптен күткен ұтысына ие бола алмай, жүйкелері жұқарғандар, стол басын босатқан. Темекі түтіне толы залдағы басты рахат — тегін тамақ пен сусындар. Үлкен ойынға әр жеңіліс сайын өзгеріп тұратын ережелер кедергі келтіруде. Онсыз да қызбай жатқан ойын итальяндық асханада шыққан өрт немесе ойын залында құбырдың жарылуы салдарынан тоқтап қалған кезде жағдай одан сайын ушыға түседі. Бұл кезде ойыншылар итальяндық досына құбырды жөндеуді тапсырған бас аспазға реніш білдіреді, ал оның итальяндық досы өз кезегінде ол жұмысқа тәжірибесі жоқ жергілікті тұрғынды тартқан. Және оның үстіне кірер ауыздағы қатаң бақылаудан өтіп, залға еніп, ортақ ойын үстеліне келіп жайғасқан бақырақ көз ойыншы да бәрінің ашуын тудыруда.

Қашағандық консорциумға қатысушылардың қолында барлық көзірлері болды. Егер жоба басында мұнай $10-12 болса, мұнай бағасы барреліне $140 дейін көтерілгенде, менеджерлер қолдарын сүртіп, кен өндіру жобасын жеделдету мен оны бастау үшін кез келген қағаз жүзіндегі заңды стратегияларға баруға дайын болатын. Алдағы кірістерін ойлаған мұнай компаниялары шығындарды бақылауды мүлдем ұмытып кеткен.

Оған бірнеше себеп те бар. Біріншіден, қол қойылған ӨБК менеджерлерге шығындарға карт бланш берді. Осы жерден нарықтағыдан жоғары бағалар бойынша сатып алу туындайды. Екіншіден, Қазақстанның тәуекел имиджі барлық шығындарды жемқорлыққа, бюрократияға, нашар жергілікті жұмысшыларға жауып отырды, ол туралы менеджерлер өздерінің бас компанияларына бірнеше мәрте жазған да. Және қазір, Қашағандағы инвестиция $50 млрд, құрағанда да ондағы жағдай мықты ауыр: егер компания қатесін мойындар болса, онда бір сәтте акционерлер тарапынан миллиондаған шағымдар түсуі мүмкін. Үшіншіден, ӨБК-де инфляцияны ескере отырып, инвесторлардың барлық шығындарын 100% өтеу қарастырылған.

Мысалы, 2005 жылы консорциум жоғалтқан $1 млрд сол кездегі $1 млрд деп төленбейді, оны өтеу сәтіне қордаланған инфляцияны қоса алып өтеледі. Осы сұлбаны қайта қараудың 99% сылтауы айыппұл төлеуге соқтырады. Ал енді соны $50 млрд масштабында елестетіп көріңізші. ӨБК келісімде айтылғандай, оны жариялаудың өзі заңсыз, сондықтан құжаттан дәйексөз келтірудің әзірге бізде ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да шетелдік компаниялардың шығындарын бақылап отыру туралы ойларында да жоқ. Неге?

Егер кейін Қазақстан бәрібір оны жақсы индекстеп өтейтін болса керегі не. Бұл Қазақстан үшін жалғыз тұзақ емес екенін атап кетуіміз керек, себебі жекелеген төлемдерді бағалауды мемлекеттік тәуекелдерді ескере отырып қайта қараудың шаралары аз емес. Бәлкім, инвесторлардың өздері ӨБК-ні қайта қарауы керек шығар, басқа түріне өтетіндей етіп, сонда шетелдіктер Қазақстанның инвестициялық климатына сенімін көп көрсетер еді. Қазір ойланып, шикізаттық колониялау өлшемдерімен емес, осындай шешім қабылдаудың жақсы сәті келіп тұр. Инвесторлар, егер олар ӨБК-ден бас тартатын болса, ұтатыны — айдан анық.

Украина мен Ресей арасындағы ахуал консорциум алдына келешекте тасымалдау проблемасын қоятыны да анық. Бір болжам бойынша Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс шегіне жеткен жоқ, ал АҚШ Роснефт басшылығына қарсы санкциялар жариялап та қойды. Көреген деген сарапшылардың өздері осы жағдайда Қашаған мұнайын Новороссискіге жеткізуде проблема тудырмастығына, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына қауіп төнбейтіндігіне кепіл бере алмайды.

Оған қоса, осы жағдайда Қытай да ол мұнайды әлемдік бағамен сатып ала ма, әлде саудаласа ма, деген мәселе шешілмеген. Ол аз десеңіз, Ресейге қарсы қолданылатын санкциялар Ресей аумағы арқылы мұнай экспорттаумен айналысатын қазақстандық компанияларға да ауыр тиері сөзсіз. Егер жағдай нашарлайтын болса, Қазақстанның Ресей арқылы экспортталатын мұнайының бағасы тым қымбат болады, себебі қауіп көп. Иран өз аумағы арқылы біздің мұнайға своп жасауға дайын ба? Біздің Каспий теңізіндегі терминалдарымыз тасымалдау қуатын арттыра ала ма, әлде олар жобада жалған көрсетілген бе?

Осы аласапыранда акционерлер зардап шегуде. Қазақстан туралы жаңалықтардан шошыған мұнай алыптарында акциялары барлар қандай да пайда көреміз ба деген үміттен айрылып бара жатқандай. Бірақ, егер табанды акционер (немесе акционерлер тобы) қашағандық жобаның шын екендігіне көз жеткізу үшін Қазақстанға келіп, директорлар кеңесінен компания жұмысы туралы мұқият есеп талап ететін болса, ол соңғы онжылдықта адам естімеген дауға ұласуы әбден мүмкін.

Инвесторлар барлық олқылықтарды үкімет пен жергілікті биліктің жұмыс жағдайын жасай алмауы деп, итере салуының қаупі бар, онда қайтадан біздің республикамыз айыпты болып қалады. Жекелеген менеджерлер мен олардың серіктестерін, мердігерлерін корпоративтік тексерсе, оның салдары мұнайшыларға ауыр тиері сөзсіз. Мұнайға сланцтық газ қысым жасаған сайын жағдай осылай өрбуі әбден мүмкін. Сондықтан инвесторлар Қашаған мұнайын өндіргенде пайда тапқысы келетін болса, онда шығын құрылымын қайта қарайтын, менеджментке қатысты мәселені реттеп экология туралы ойланатын уақыт келгендей — ҚазТАГ.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/48978