Астана. 29 наурыз. Baq.kz – Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің түрмеде отырған ұлы өз халқынан кешірім сұрады. Абақтыда түсірілген бейнежазбаны ливиялық телеарналардың бірі эфирден көрсетті.

“Мен Ливия халқына және биліктегі бауырларыма жасаған зұлымдығым үшін, елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты бұзғаным үшіне кешірім сұраймын” деді Саади Каддафи.
Айта кетейік, Саади әкесі өлерден бір ай бұрын 2011 жылы Ливияны тастап қашып кеткен болатын. Ал, наурыз айының басында ол Нигер елінде қолға түсіп, Ливияға экстрадицияланды.
Оған негізінен Ливиядағы азамат соығыс кезінде шеруге шыққан халықты қырды деген айып тағылуда. Ол кезде Саади ел әскерін тізгіндеп отырған еді.

http://baq.kz/kk/news/45190

Рубрика: