АЛТЫНОРДА
Новости

Йеменде Әл-Каида содырларының көзі жойылды

09f608c0058092ad393432e0ebe07b7dЙемен ішкі істер министрлігі елдің оңтүстігінде өткен арнайы операция барысында Әл-Каида халықаралық террористік ұйымының 12 содырынының көзі жойылғанын хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, арнайы операция Абьян оңтүстік провинциясында өтті. Содырлар мінген көлікке әуеден соққы беріліп, 12 содыр өлтірілген. Арнайы операция туралы басқа мәлімет жоқ.

Естеріңізге саламыз, Йеменде 2011 жылдан бері қақтығыстар жүріп жатыр. Тек соңғы айдың өзінде экстремистер Йеменде бірнеше рет әскери бекетке шабуыл жасаған.

 

http://bnews.kz/kk/news/post/173064/