АЛТЫНОРДА
Новости

Ирактағы жарылыстан көз жұмғандардың саны артып барады

434_42a846735c6948bcaa3a148bb9399fdbАстана. 29 тамыз. Baq.kz – Ирактағы лаңкестік жарылыс салдарынан көз жұмғандардың саны 71 адамға жетті. Жараланғандар 200-ден асып жығылады. Бұл жайында Рейтер агенттігі хабарлады.

Дереккөз хабарлағандай, Бағдаттың шииттер көп орналасқан аудандарында онға жуық көлік жарылған. Ішінде жанкештісі бар тағы бір көлік полиция бөліміне келіп, жарылғышты іске қосқан.
Франс Пресс агенттігі болса Иракта жыл басынан бері 3,7 мың адамның лаңкестіктер салдарынан қайтыс болғандығын айтады. Оған себеп — елдегі сүнниттер мен шииттер арасындағы текетірестің күрделеніп кетуі. Саддам Хұсейн режимі кезінде биліктегі лауазымдар сүнниттерге тиесілі болатын. Алайда, АҚШ-тың елге басып кіруінен кейін шииттер күш алып кетті.

 

http://www.baq.kz/kk/news