28 апреля, 2014 Comments Off on ИМАНДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН САЙТ

ИМАНДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН САЙТ

исламАстанада Ұлттық академиялық кітапханада ұлттық-рухани ағартушылық бағытта жұмыс жасайтын «islam.kz» сайтының тұсаукесер рәсімі болып өтті Аталған шара туралы беташар сөзді бастаған портал редакторы Қайрат Жолдыбайұлы, қазіргі таңда ислам діні мен ұлттық мүддені қиюластырып насихат айтудың қажеттілігі жайлы түсіндіре келіп, Хакім Абайдың «Қазіргі таңда қазақтың малына емес, миына талас жүріп жатыр» дейтін дана ойымен пікірін  ұштастыра отырып порталдың құрылымы және шығармашылық бағытын таныстырды.Рәсімге қатысқан Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов мырза бүгінде еліміздің ақпарат айдынында 20-ға тарта діни сайт жұмыс жасап жатқанын, енді бұл қатарға жаңадан тағы бір портал қосылғанын, болашақта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан, «дін мен дәстүр сабақтастығын» басшылыққа алу қажеттілігін жеткізді.Сондай-ақ, жаңа порталдың болашағына зор үмітпен қарап, оны білімді де, білікті азамат Қайрат Жолдыбайұлының басқарып отырғанын мақтанышпен жеткізген ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы оқиғаны «ақ түйенің қарны жарылған күн» деп түйіндеді.Жиын барысында белгілі ғалым, профессор Әділ Ахметов бастаған жанашыр ағалар сөз алып, сайттың қадамына шығармашылық табыс тіледі.http://www.aikyn.kzДуанабай Жолдасбек 
Загрузка...

Комментирование закрыто.