Got Talent және “Минута славы” танымал шоуларының қазақша нұсқасы «Жұлдызды сәт» деп аталады. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының сайтында жарияланды.

Шоуға кастинг өткен 2012 жылдың желтоқсан айында өтіп қойған еді. Ал енді ұлттық арнадан наурыз айынан бастап көре аламыз. Кастингке Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Семей қалаларынан адамдар талданған.

24 турдан тұратын жоба әр жастағы қарапайым адамдарға өзінің дарынын ел алдына шығаруға, бір сәттік даңққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда ән айту, би билеу, акробатикалық өнер көрсету секілді өнер түрлерімен қатысуға болады.

Жобаның қазылар алқасы әлі де белгісіз қалып отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

http://massaget.kz/madeniet/music/8013

Рубрика: