Cәулетшілер таңғалдыруларын қояр емес. Ендеше, бүгін біз сіздерге Германиядағы ерекше үйді таныстырғалы отырмыз.

Шағын әрі тартымды құрылыс құстың кіп-кішкентай, әп-әдемі ұясына ұқсайды. Әрине, үй иелері де о баста құрылыстың осындай болуын қалаған және осы мақсатта тұрғызған.

Мұнда, яғни бұл үйге өзіңіз қалаған кез келген жиһаз бен үй заттарын кіргізе аласыз. Және көліктерді де. Ол үшін арнайы орындар жасалған.

Сәулетшілер үйдің ішкі құрылымы мен дизайнына да ерекше көңіл бөлсе керек-ті. Бұлай деп айтуымызға себеп, үй ішінің есеппен жасалған қуыс-қуысы, қуықтай әдемі бөлмелері…

Мұндай үйде өмір сүруге қалай қарайсың?

 

сурет:luxury-house.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz

Рубрика: