АЛТЫНОРДА
Новости

Геннадий Головкин Мюррейді қалай нокаутқа жіберді? (видео)

Орта салмақтағы WBA/IBO/WBC Interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) Монакода өткен бокс кешiнде қарсыласы Мартин Мюррейдi техникалық нокаутпен жеңді.

Бастапқы раундтарда қарсыласының қимылын бағып, осал тұсын iздеген Геннадий, раунд өткен сайын қарқынын үдете бердi және 4-раундта қарсыласын бүйiрiнен батыра ұрып, екi мәрте нокдаунға жiбердi.

Ал 10-раундта оң қолымен бастан ауыр соққы жасаған Головкин қарсыласын жерге құлатты. Бiрақ Мюррей орнынан тұра алды. Дегенмен 11-раундта жойқын соққыларды өткiзiп алғандықтан, төреші жекпе-жектi тоқтатты.

Осылайша Головкин 32 кездесуде жеңiске жетiп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады және әйгiлi Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Источник: ИА “Казинформ”

http://www.qazaquni.kz/?p=33801