Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Үй мен жұмыстағы жылылық артық салмақ қосуға жағдай жасаса, күннің суықтығы бірнеше келі тастауға көмектеседі. Мұндай тұжырымды Нидерландия ғалымдары жасап отыр.

“Жылы температура адамның денсаулығына әсер ететіні белгілі. Сол секілді суыққа жиі-жиі шыққан адамның ағзасы да энергияны көп жұмсап, адам арықтайды деген шешімге келіп отырмыз”, – дейді Маастрихт Университеті жанындағы медицина орталығының (Maastricht University Medical Center) дәрігері Ваутер ван Маркен Лихтенбелт (Wouter van Marken Lichtenbelt).

Бұған дейін жапон ғалымдары Цельсий бағаны бойынша минус 17 градуста күніне 2 сағаттан тұрған адамның май қабаты азайғандығын байқаған болатын.

Ал, Лихтенбелт командасы адам ағзасы суыққа ұзақ уақыт бейімделетіндігін анықтап отыр. Күніне алты сағат 15 градус температурада тұрған еріктілердің он күннен соң май ұлпаларының көлемі өскен.
Суық күнде керісінше, жылу шығаратын ұлпалар «зиянды» ақ майларды жаға бастайды. Осылайша, адам аз жаурап, салмақ тастай бастайды екен.
Зертеу нәтижелері ауа температурасының төмендеуі адам жұмсайтын энергияның көлеміне әсер ететінін көрсетті. Ғалымдар артық салмақ тастау үшін суық күнде серуендеуге де уақыт табу керектігін айтады.

http://baq.kz/kk/news/42757

Рубрика: