Астана. 14 қаңтар. Baq.kz – Ғаламтор желісіндегі құмар ойындарына заң жүзінде тыйым салу керек.

 

Сонымен қатар букмекерлік кеңселерге де салықты 2 есеге көтеріп, 150 айлық есептік көрсеткішке жеткізген жөн. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі тарапынан осындай ұсыныс айтылды. Мамандардың айтуынша, әрбір бесінші қазақстандық құмар ойындардың құлына айналуда. Бұл олқылықты түзеу үшін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіп, оны өрескел бұзғандарды әкімшілік жазаға тарту керек. Әлібек Аханов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департамент директорының орынбасары: – Заң жобасы ойын бизнесі саласын жетілдіруге бағытталған. Азаматтық іс жүргізу кодексіне, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және ойын бизнесі туралы заңына өзгерістер енгізу көзделген. Бүгінде интернет казино көптеп пайда болуда, оларға заң бойынша тыйым салынады.

http://baq.kz/kk/news/42077

Рубрика: