обзор каз.прессы 05 февраля, 2014 Comments Off on Ғайнижамал ШЕКЕЙ: ЖИНАЛЫҢДАР, ҚАЗАҚТАР, ЖЕРҰЙЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА!

Ғайнижамал ШЕКЕЙ: ЖИНАЛЫҢДАР, ҚАЗАҚТАР, ЖЕРҰЙЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА!

оралманыБҰҰ жіктеуі бойынша өркениетті адамзаттың алдында тұрған мәселелер арасында демографиялық мәселе соғыс пен бейбітшілік және экология мәселелерінен кейінгі үшіннші орында екен. Ал ұлан-ғайыр даласы бар, бірақ әлем бойынша халық тығыздығы ең төмен деңгейдегі Қазақстан үшін бұл аса маңызды мәселе. НЕГЕ ЕКЕНІН ТҮСІНБЕЙМІН …Басқасын білмеймін, ал Қазақстан үшін демографиялық мәселе БҰҰ-ның жіктеуіне сәйкес үшінші емес, ең бірінші орында болуға тиіс. Қазақтарға оң көзбен қарайтын Жаратқан да соны қалайды.Алайда соңғы бірнеше жылдың төңірегінде егемен Қазақстанның даму аясында демографиялық мәселе бірінші тұрмақ үшінші орында да жоқ. Ол ол ма, бұл өзекті мәселе, тіпті, оныншы орынға да табан тіремепті.  Ал ең сорақысы, бүгінде мемлекеттік құрылыс үшін маңызды, ал Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау үшін аса маңызды болып табылатын мәселені, жақын уақытта ең соңғы кезектегі мәселе ретінде талқылау да қарастырылмаған.Мүлдем түсінбеймін …- Неліктен билік басындағылар әлемде ел аумағы бойынша 9-орындағы еліміздің тұрғындар тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткіштердің біріне (1 шаршы километрге 6 адамнан келеді, әлемде 184-орын) ие екеніне басын ауыртпайды?- Неліктен билік оңтүстігіміздегі көршілеріміздің, әсіресе, Өзбекістанның (1 шаршы километрге. 76 адамнан келеді) және 1,5 миллиард, яғни жүз есе артық халқы бар Қытайдың  тарапынан 2030-2050 жылдарға қарай қазақ елінің аумағына күшті демографиялық қысым көрсететінін ойламайды?- Неге 17 млн.150 мың (2013 жыл) адамға жуық халқы бар ҚР он есе артық халқы бар бұрынғы метрополия Ресеймен (143 млн. халқы бар) 7 мың километр аумақтағы аса ұзақ шекарасы  бар екенін ескере отырып, көршілес жатқан солтүстік және батыс өңірлерін демографиялық жағынан күшейтпейді ?- Неліктен жоғарыда аталған үш мәселе жағрафиялық және геосаяси жағынан еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактор ретінде қарастырылмайды? - Неліктен 2050  жылға қарай әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіруді белгілеп отырға Қазақстанның өндірістік күшін арттыру мәселесі стратегиялық тұрғыдан қарастырылмайды?Өйткені ҚР 17 млн. халқының, балаларды, студент жастарды, мүгедектерді, зейнеткерлерді, түрлі маргиналдарды қоса есептегенде, барлығы 5-6 млн. халқы ғана белсенді өндірістік жұмыс күшіне жатады. Бірақ бұл әлемдегі алғашқы ТОР-30-ға ену бойынша Қазақстанның «орасан жоспарларын» жүзеге асыру үшін жеткіліксіз.- Неліктен бұл тұрғыда бүгін Қазақстаннан тыс жерде 5 миллионға жуық этникалық қазақтардың тұрып жатқандығы ескерілмейді?  Қазақстаның өзінде қазақтардың саны 11 млн.(2012 жыл) жуық. Сонымен қазақ халқының жалпы санындағы әрбір үшінші қазақ өзінің тарихи отанына тыс жерде өмір сүруде. Олар Қазақ еліндегі тарихи апаттар кезінде елден еріксіз қашқан брсқындардың ұрпақтары мен біздің елмен көршілес мемлекеттердегі ирреденттік қазақ тұрғындары.оралманы- Неліктен әлі күнге дейін алыс және жақын шет елдегі біздің отандастарымыз – этникалық қазақтарды  тезірек тарихи отанына қайтару процесі жолға қоылмаған? Неліктен осы стратегиялық маңызды мәселеге тиісті көңіл аударылмайды, репатрианттар өрлеп келе жатқан Қазақстан экономикасы үшін өндірістік күштің елеулі ресурсына айналмалмай ма?- Неліктен Қазақстанның әлемнің 30 озық мемлекетіне кіру жөніндегі үкімет дайындаған Концепцияның жобасына ел дамуындағы басымдықтардың бірі ретінде шет елдегі қазақ диаспорасын елге жаппай көшіру есебінен демографиялық мәселені шешу және өндірістік күшті ұлғайту қарастырылмаған?НЕЛІКТЕН «НҰРЛЫ КӨШ» «СОРЛЫ КӨШ» АЙНАЛДЫ? Жақында Интернетте Қытайда тұратын қазақ патриоттарының әлем қазақтарына жолдаған «Қазақстанға қаптап барайық!» деген ашық хаты жарияланды.Хатта біздің отандастарымыз, қандас бауырарымыз, Ресей отары болған кезде ауыр сынақтарды, әсіресе 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында басынан  өткерген қазақтың ұрпақтары туған жері үшін өздерінің алаңдаушылығын білдіріпті. Ұлы қазақ даласынан алақандай жер таппаған олардың аталары амалсыз босқын болып, туған жерінен кетуге мәжбүр болды.Ал отанында қалғандар патшалық Ресей тарапынан қанаушылық пен зорлық көрсе, кейіннен кеңес үкіметі тарапынан екі аштықты басынан өткерді, ана тілі қолданыстан шығарылып, қазақ халқының санасы отарлана басталды. Осылардың барлығы миллиондаған құрбандарға әкеліп соқты. Ұлт басынан өткерген барлық сынақтар мен трагедиялар заманауи тарих ғылымында этникалық зұлмат, ойран деп бағаланды.Бабалар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізген соң шет елдегі көп миллиондық қазақ диаспорасы мен егемен Қазақстанның басшылығы патриоттық құлшыныспен бабалар жеріне кері қайтудың ұлы көшін жаңғыртуды қолға алды. Бір жағынан иммигрант-қазақтар жат жерде балалары мен немерелерінің ассмиляцияға ұшырап жатқанын көргенше, тезірек елге оралғысы келді. Екінші жағынан олар патриот ретінде бабалар талай ғасыр армандаған тәуелсіз Қазақ мемлекетін дамытуға қатысқыс келді.Алайда уақыт өте келе өзіміздің қазақтың атқамінер азаматтары қаситетті Нұрлы Көшті сыбайлас жемқорлықтың көзіне айналдарды, ал көші-қоң  Департаменттерін басқарған «бастықтар» күш-жігерін ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға, ұлттың қайта қауышуына емес, өздерінің мансабын нығайту, қалтасын толтыру үшін жұмыс істеді. Керісінше, олар бұл процессті тоқтатуға тырысты, ал кейбір «бастықтар» репатрианттардың наразылықтарына жауап беруге арланып, «түкірдім мен сендерге!», деп жатты.Жалпы, тарихи отанына оралған репатрианттар көптеген қиыншалықтарға тап болып, жоғарғы және төменгі деңгейдегі чиновниктерден намысқа тиетін сөздер естуге мәжбүр болды. Соның салдарынан көптеген отбасылары, тіпті, 40-50 адамнан тұратын репатрианттар тобы өздерін «өгей шеше» іспетті қарсы алған  Отан-Анамен қайтадан жылап-сықтап қоштасып,  тауы шағылып, келген еліне қайтуға мәжбүр болды. Бірақ сыбайлас жемқорлық жолына түскен чиновниктердің ондай келеңсіз істерге еті үйренген, тіпті, олар тәуелсіз Қазақстанның шет елдегі беделіне нұқсан келіп жатса да.Чиновниктер тарапынан осындай көзқарасты байқаған қарапайым қазақ халқы да репатрианттарға менсінбеушілік таныта бастады.  ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҰЛЫ МИССИЯСЫ Жоғарыда аталған «қытайлық» қазақ патриоттарының ашық хаты Қытайдың «Сен қазақ» сайтында жарияланған, хаттың араб графикасындағы қазақ мәтінін халықаралық « Көрші» журналы кирилицаға аударыпты.Мәтін авторлары әлемдегі қазақтарға «тарихи отанымыз, Қазақстанға жаппай көшіп барайық» деген үндеу тастап отыр. Олар Қазақстан халқының өспеуіне, қазақтардың елге оралу процесінің тоқтап қалуына үлкен алаңдаушылық білдіруде.Шын мәнінле, егер КССРО күйрегенге кейінгі соңғы санақ бойынша Қазақ одақтас республикасы халқының саны 16 млн. 600 мың адам болса, біз 23 жылдан кейін ғана –2011 жылы осы көрсеткішке қайта жеттік, осы жылғы мәлімет бойынша ел халқының саны 16 млн.440 адамға тең болды. Оның өзінде, бұған Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығында елге оралған қазақ-репатрианттарының арқасында қол жетті.Өйткені тек 2004 жылы халықтың табиғи өсімі мен көші-қоңның жағымды сальдосына қол жеткіздік, яғни, адам туу өлімнен асып түсті. Ал бұған дейінгі жылдарда, 1991 жылдан 2004 жылға дейін егемен Қазақстандағы ахуал халықтың табиғи өсімінің қысқаруымен, туудың төмендеуімен, өлімнің өсуімен, адам өмірінің күтілген ұзаруының қысқаруымен және басқа да жағымсыз факторлармен сипатталған еді. Жағдайдың жақсаруына, әрине, 20-ғасырдың 90-жылдарында, яғни Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында, қалыптасқан репатрианттар ресурсы әсер етті.

бизди

Әлем қазақтарына жолданған үндеу хатта бүгінгі таңда әлемдегі қазақтар санының өспей, керісінше, төмендеп бара жатқаны айтылған. Оның себебі – Ресейде, Қытайда,Өзбекістанда, Қырғызстанда, Түркіменистанда, Ауғаныстанда, Монғолияда, Еуропа елдеріндегі, әлемдегі қазақтар тарыдай шашылған 40 мемлекетте қазақтар ассимиляцияға ұшырауда.Хатта тек қазақтардың бірігуі Қазақияны өркендетіп, Қазақ Елі – қазақ мемлекетін құруға мүмкіндік беретіні айтылған.Шын мәнінде, Тәуелсіздік миссиясы – «американдық» эмигранттар ұлты іспетті «қазақстандық» ұлтын құру емес. Ежелгі қазақ жерінде қаза ұлтының қайта жаңғыруы жолға қойылуға тиіс, ал Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар соған қосылуы керек. Тамаша, лексикасы бай, әдеби-философиялық құндылығы зор қазақ тілін, қазақтың ділін, ұлттық тамырды, ұлттық мәдениетті жоғалудан және ұлтты адамдардың тобырына айналудан құтқару қажет. Оған орын берсек, тиісінше, ұлттық сана-сезім жойылады. Сондықтан біз әлем мемелекеттері іспетті (Германия – неміс мемлекеті-ұлты, Франция – француз мемлекеті-ұлты, Италия – итальяндық мем лекет -ұлт, Эстония – эстон мемлекеті-ұлты және т.б.) «қазақстандық» емес «қазақ» ұлтын құруымыз керек.«ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРАЙЫҚ!»Өздерінің әлем қазақтарына үндеу  хатында патриоттар келесі дүниелерді жүзеге асыруға шақырады:«Қазақ-бауылар, Қазақстан үкіметінің біздің алдымызға соншама кедергілер қойғанына қарамастан, бізбен тек орыс тілінде сөйлейтін тәккәппар чиновниктер үшін емес, өзіміздің қазақ ұлты үшін ата-бабамыздың кіндік қамы тамған жерімізге жаппай көшіп барайық! Қазақтар, өз халқымыздың санын арттырайық!Қытай үкіметі қалада әр отбасына екі, ал ауылда үш бала табуға рұқсат етті. Бізге де өсу керек! Асырай алмаймын деп қорықпаңыздар, дүниеге келегенда Жаратқан маңдайына жазған әр баланың өз несібесі бар.Қазақстан үкіметі бізге қарсы қандай саясат қолданса да бәрі бір. Жаппай Қазақстанға көшіп барайық, кедей немесе бай болсақта. Біз халқымыздың санын көбейтуіміз керек.10 жылдан кейін біз еш қиналмастан Қазақстанды мекендеп, сандық үстемдікке қол жеткіземіз! Сонда қазаққа ала көзбен қарағандардың күні бітеді. Ал тағы 20 жылдан кейін Қазақстан нағыз Қазақ мемлекетіне айналады!Өзіміздің дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тұрмысымызды, дінімізді және ұлттық сана-сезімімзді насихаттайық!  Бұл біздің басқа ұлтқа ассимиляциялануымызға қарсы қару. Бауырлар, біздің көшіміз ешқашан тоқтамасын!».Шын мәнінде, бүгінгі таңда басқа елдердегі қазақ диаспорасының жеделдетілген ассимиляциясы жүзеге асуда.  Және бұл Қазақияның экономикалық серпіліс жасап, Тәуелсіздігін сақтауға және нығайтуға адами ресурсқа зәру болып отырған кезде жүзеге асуда. Бұл жерде демографиялық ахуалдың саясатта да, экономикада да елдің егемендігіне әсер ететінін ескеру қажет.Бірақ Қазақстан әлі күнге дейін халқы тым тығыз әлемдегі тұрғыны аз арал іспетті. Біздің еліміз 2 млн.725 шаршы километр аумақты аплып жатыр. Ұлан-ғайыр қазақ даласы шығыстағы Алтайдан батыстағы Атырауға дейін, солтүстікте Батыс Сібір ойпаты мен Орал тауының оңтүстік беткейінен оңтүстіктегі Тянь-Шан таулары мен Қызылқұм шөліне дейін созылып жатыр. Табиғи байлықтары мол осындай аумақты бүгінгі  21 ғасырда 150-200 миллион халық игеріп, күн көре алады.«Стратегия-2030» бағдарламасында ел халқын 20 миллионға жеткізу белгіленген. ҚР Статистика жөніндегі агентігінің «сақтанып» жасаған болжауына сәйкес 2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 19,8-20,9 млн. адамды, ал 2050 жылға қарай 23,5-26,8 млн. адамды құрамақ.Бірақ бүгінде қазақстандық чиновниктер есепке алғысы келмей отырған, елімізге оралуға ынтық 2-3 млн. отандас-репатрианттарсыз қиын болады. Шамасы, үкімет еңбек мигранттарына үміт артып отырған сыңайлы, бірақ онда еліміздегі халық санындағы қазақтардың үлес салмағы азайып кетуі мүмкін.Ал Қазақстан – жергілікті халық 20 пайыз және еңбек мигранттары  (қытайлықтар, вьетнамдықтар, филиппиндіктер, пәкістандықтар, африкалықтар және басқалары) 80 пайыз болса да ол егемендікке еш қандай қауіп төндірмейтін және жергілікті халық еңбек мигранттарының армиясымен ассимиляцияға түспейтін Оман, Катар, Біріккен араб әмірліктері емес. Бұл елдердегі жергілікті арабтардың қадыр-қасиеті, ұлттық сана-сезімі жоғары деңгейде.Ал біздің қазақтардың тәуелсіздікке ие болса да ұлттық сана-сезімі әлі қатаймаған, сондай-ақ біз ассимиляцияға бейімбіз. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Мәселен, Алматы облысының Кеген ауданында қырғыздармен шекарадағы қазақтар «ш» орнына «ч» дейді және тамақты да қырғыздар сияқты дайындайды  (ет асқанда жайманың орнына ұзын кеспе жасайды). Сондай-ақ Өзбекістанмен шекаралас аудандарда және Шымкенттің өзінде қазақтар өзбектер сияқты ән айтып, би билейді. Яғни, қазақтар, керісінше емес, көршілері сияқты ән айтып, билеп, тамақ ішеді.

оралманы

ҚАЗАҚИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ БІРЛІГІНДЕСатистика көрсетіп отырғандай, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдарда (1989  жылдан 2010 жылға дейін) Қазақстанмен көршілес посткеңестік егемен республикаларда демографиялық өркендеу орын алды. Мәселен, Түркіменстанда халық саны 70,  Тәжікстанда – 40, Өзбекістанда –30, Қырғызстанда –  21 пайызға артқан. Атап айтарлығы, бұл елдерде Қазақстандағыдай табиғи байлық жоқ. Сондай-ақ көршілерімізде қазақтардағыдай бес миллиондық шетел диаспорасы сияқты қуатты демографиялық ресурс та жоқ.Сонымен, демографиялық мәселені шешу қазақстандықтарға келесі мүмкіндіктер береді:- Тәуелсіздікті сақтауға және ел егемендігін нығайтуға;- отарлық кезеңнің қалдықтарын жоюға;- қазақтардың сана-сезімін отарсыздандыруға;- өздерін қазақ мемлекетінің азаматы ретінде сәйкестедіруі үшін барлық қазақстандықтардың сана-сезіміне әсер ету;- Мақсаты Қазақстанның әлемдегі отыз озық мемлекеттің қатарына ену болып табылатын «Стратегия-2050» бағдарламасын орындау үшін өндірістік күштерді ұлғайтуға әсер етеді;- қазақ тілінің дамуына әсер ету және оның мемлекеттік мәртебесін нығайту;- қазақ ұлтының бірігуіне және қазақ мемлекеттігін құруға әсер ету.Ал ең қызығы, егер Қазақстанда этносаралық бірлік пен барлық қазақстандықтардың келісімі мүмкін болса, неліктен қазақ халқының өзінің қауышуы мен бірлігі, тарихи отанға қандас репатриант бауырларымызды қабылдау мәселесі қиын шешілуде?Қисын оның нонсенс екенін меңзейді, қазақтар арасында қайшылықтар болмау керек. Біздің ата-бабаларымыз бізге қазақ тек қазақты жалғыз туысы ретінде қабылдау керектігін өсиет ретінде айтып кетті емес пе. Егер қазақтар бір біріне бауырмал және сыпайы болмаса, олар қазақ болудан қалады.

Загрузка...

Комментирование закрыто.